宁夏-哈萨克斯坦企业 经贸对接洽谈会 在阿斯塔纳召开
2024年8月15日,由宁夏贸促会(宁夏国际商会)主办的宁夏-哈萨克斯坦企业经贸对接洽谈会在哈萨克斯坦阿斯塔纳市圆满召开。
2024 жылғы 15 тамызда Астана қаласында Нинся халықаралық сауданы ілгерлету кеңесі (Нинся халықаралық сауда палатасы) ұйымдастырған кәсіпорындар арасында экономикалық және сауда қатынастарын орнату жөніндегі Нинся-Қазақстан конференциясы сәтті аяқталды.
会议由宁夏国际商会副秘书长郭洁主持,宁夏外事办公室副主任张立伟、宁夏商务厅副厅长崔彦祥、宁夏农垦集团有限公司财务总监马泽强、宁夏外事办公室亚非处副处长马立玮、宁夏君星坊科技有限公司、宁夏百城酒窖有限公司、宁夏久诺工程有限公司、宁夏兴牛牧业有限公司以及哈方企业代表共30余人出席会议。
Жиынды Нинся халықаралық сауда палатасы бас хатшысының орынбасары Го Цзе жүргізді. Жиынға барлығы 30-дан астам адам қатысты. Олардың қатарында: Нинся Сыртқы істер басқармасы директорының орынбасары Чжан Ливэй, Нинся сауда департаменті директорының орынбасары Цуй Яньшян, Ningxia Farming Group компаниясының қаржылық директоры Ма Цзэцян, Нинся Сыртқы істер басқармасының Азия және Африка бөлімі директорының орынбасары Ма Ливэй, және де т.б. қытайлық және қазақстандық кәсіпорын өкілдері болды.
会上,双方领导各自从本地区的营商环境、产业发展、政策补贴等方面作以介绍,企业逐一推介,开展友好交流、企业洽谈、项目对接等活动。通过对接洽谈会的形式,宁夏企业与哈方企业建立了联系,也找到了潜在客户。
Кездесуде екі тараптың басшылары аймақтың бизнес-ортасын, өнеркәсіп дамуын, субсидиялау саясатын және басқа да аспектілерді таныстырды. Компаниялар өздерін таныстырып, алмасулар, іскерлік келіссөздер, жобалық байланыстар және басқа да іс-шаралар өткізілді. Жиын барысында Нинся компаниялары қазақстандық компаниялармен байланыс орнатып, әлеуетті клиенттерді тапты.
期间,宁夏国际商会与哈萨克斯坦杰标华人华侨联合会签署合作备忘录,旨在为企业在哈投资创业提供更优的营商环境、更好的服务保障。希望能与哈方持续深化合作,共谋发展机遇,共创美好未来。
Сонымен қоса, Нинся халықаралық сауда палатасы еліміздің Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты қытай кәсіпорындарының Қазақстанға инвестиция салуы мен бизнес ашуы үшін жақсы бизнес-ортаны және жақсырақ қызмет көрсету кепілдігін қамтамасыз етуді мақсат етті.
«Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, даму мүмкіндіктерін бірге іздеп, жақсы болашаққа бірге ұмтылуға ниеттенеміз», -деді қытайлық кәсіпкерлер.
我们在这里召开宁夏-哈萨克斯坦企业经贸对接洽谈会旨在全面贯彻落实中国—中亚峰会成果,推动我区与哈萨克斯坦在经贸投资、农业种植、饲草进口、国际友成等领域的务实合作,充分利用外事资源优势服务我区企业“走出去”。最后,我们也诚挚邀请哈方到会企业嘉宾10月份来宁夏参加第十一届中国-中亚合作论坛,畅游宁夏,品宁夏美食。
Аталып өткен конференцияның басты мақсаты «Қытай-Орталық Азия» саммитінің нәтижелерін толық іске асырып, Нинся ауданы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда инвестициялары, ауылшаруашылық, жем-шөп импорты және басқа салалардағы практикалық ынтымақтастықты ілгерілету; сыртқы дипломатияның ресурстарына сүйене отырып, қытай кәсіпорындарын халықаралық дәрежеге шығару болып табылады.
Қазақстандық іскер қонақтар қытайлық өкілдер тарапынан қазан айында 11-ші Қытай-Орталық Азия ынтымақтастық форумына қатысу үшін Нинсяға келіп, ауданды тамашалап, Нинся тағамдарынан дәм татуға шақырылды.