Елордада бір айда пәтер жалдау ақысы күрт өсті, деп хабарлайды Todayinfo.
Тelegram-дағы Data Hub арнасының мәліметінше, биыл шілдеде маусыммен салыстырғанда пәтер жолдауға ақысы 4,2%-ға қымбаттады. Бұл 2022 жылдың күзінен бергі бағаның күрт өсуі.
Жыл басынан бері (2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) Астанада пәтерді жалдау бағасы 9,9%-ға өсті, ал Алматыда осы кезеңде көрсеткіш 1,2%-ға төмендеді. Осыған қарамастан елордада 1 шаршы метрді жалға беру құны Алматымен салыстырғанда 13%-ға (4,5 мың теңге) төмен.