Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бабы бойынша айып тағылған. Сот онлайн форматта өтеді.
Сотталушы алты жылдық жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен сотқа онлайн режимде қатысып отыр.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол «Қазақтелеком» мен “Көлік сервис орталығы» компаниясынан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған болатын.