Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Астанада Қытай мен Орталық Азия елдері ел басқару мен гуманитарлық әріптестік мәселесін талқылады

Астанада Қытай мен Орталық Азия елдері ел басқару мен гуманитарлық әріптестік мәселесін талқылады

11 Маусым, 2025 Қытай
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қытай мен Орталық Азия арасындағы қатынас соңғы жылдары жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Әсіресе, Қытай Халық Республикасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір белдеу, бір жол» жобасы, саяси диалог пен мәдени-гуманитарлық байланыстар бұл қарым-қатынасты одан әрі жандандыра түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Осы серіктестікті нығайту мақсатында Астана қаласында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ел басқару тәжірибесі бойынша симпозиум және гуманитарлық алмасулар жөніндегі ашық диалог өтті. Бұл шара Қытай-Орталық Азия екінші саммиті қарсаңында ұйымдастырылды және тараптардың болашақтағы серіктестігіне бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналды.

                                  «Елдеріміз тағдырлас, болашағымыз ортақ»

Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихаттау бөлімінің бас директоры Ху Хэпин симпозиумда сөйлеген сөзінде Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тарихи және географиялық байланысқа тоқталып, стратегиялық серіктестікті дамытудың маңызын атап өтті:

«Қытай мен Орталық Азия елдері ортақ шекара, өзендер мен таулар арқылы байланысқан. Бұл елдерді тарихи, мәдени және өркениеттік тамырлар біріктіреді. Елдер арасындағы әріптестік – заман талабы мен тарихи таңдау нәтижесі».

Ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Сиань қаласында өткен алғашқы Қытай-Орталық Азия саммитін ерекше атап өтті. Бұл жиында стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттары мен құрылымдары айқындалғанын, енді сол жоспарларды іске асыру кезеңіне көшкенімізді айтты.

«Қытай бүгінде жаңғыру жолында батыл қадамдар жасауда. Бұл процеске Орталық Азия елдерімен серіктестік те өз үлесін қосып келеді. Қытай өз даму тәжірибесін өзге елдердің ерекшеліктерін ескере отырып ұсынуға дайын».

«Бір белдеу, бір жол»: Ұлы Жібек жолының жаңғырығы

Ху Хэпин өз сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының тарихи және стратегиялық маңызына да тоқталды:

«Екі мың жыл бұрын Хан әулеті дәуірінде қытай саяхатшысы Батысқа жол тартқан. Осы арқылы Ұлы Жібек жолының негізі қаланды. Қазіргі таңда біз осы тарихи бағытты жаңа деңгейде жалғастырудамыз».

Ол 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Орталық Азияға сапары кезінде бұл бастаманы алғаш жария еткенін еске салды. Содан бері Қытай мен Орталық Азия елдері бірлесіп инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды іске асырып келеді. Сонымен қатар гуманитарлық салада да елеулі нәтижелер бар.

«Көпғасырлық достығымызды дамытуымыз керек. Мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру, сондай-ақ “Бір белдеу, бір жол” аясындағы жобаларды бірлесе жүзеге асыру қажет», — деді Ху Хэпин.

                                «Саяси партиялар да өз үлесін қосуы тиіс»

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек әлемдік ахуалдың тұрақсыз кезеңінде елдер арасындағы сенім мен өзара әрекеттестік ерекше маңызды екенін атап өтті:

«Әлем техтоникалық өзгерістер үстінде тұр. Осындай турбулентті кезеңде елдер арасында ашық диалог қажет. Өзара сенім мен ынтымақтастық – қазіргі жағдайдағы басты қажеттілік».

Ол сондай-ақ Астанада өтіп жатқан халықаралық форум барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін еске салып, мемлекет басшысының пікірін былай жеткізді:

«Президентіміз бірлескен диалогтың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік соның жарқын мысалы».

Кәрібек екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 33 жыл толғанын атап өтіп, саяси партиялардың да осы бағытта белсенді рөл атқаруы тиіс екенін қосты.

                          «Сенім мен тұрақтылық – өңірлік дамудың іргетасы»

АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай өз сөзінде Қытай мен Орталық Азияның тарихи бірлігін, Ұлы Жібек жолының қазіргі заманғы жалғасы ретіндегі маңызын атап өтті:

«Орталық Азия мен Қытай Жібек жолы арқылы ежелден біріккен. Қазір бұл байланыстар сенімді серіктестік пен орнықты даму міндеттерімен толықтырылып отыр».

Оның айтуынша, энергетикалық ауысу, цифрлық трансформация, ғылым мен технология, әйелдер көшбасшылығы және жастар арасындағы байланыс бағыттары – болашақ ынтымақтастықтың өзегі.

«Біз тәжірибе алмасуды тереңдетіп, аналитикалық орталықтар, іскерлік және жастар кеңестері, серіктестік желілер арқылы нақты жобаларды іске асырудамыз. Бұл – өзара сенімділік пен жүйелі дамудың негізі».

Астанада өткен симпозиум Қытай мен Орталық Азия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Ел басқару тәжірибесімен бөлісу, гуманитарлық байланысты тереңдету, стратегиялық әріптестікті кеңейту – бұл елдердің ортақ болашағын біріктіретін басты құндылықтар.

Қытай мен Орталық Азия халықтары тағдырлас серіктес ретінде бейбітшілік пен тұрақты даму жолында өзара әрекеттесуге дайын екенін тағы да дәлелдеді.

Астана Орталық Азия Қытай

Оқылып жатыр

Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп аман қалды

«Орталық Азия — Қытай» саммиті: Тоқаев жаңа бастама айтты

«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана сапары алдында академиктер форумы өтті

Жаңа LRT жүйесінде орыс тілі жоқ – жолаушылар назары қазақша мен ағылшыншаға бағытталмақ

«Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында алғаш рет Power Central Asia – China атты өңірлік энергетикалық форумы өтеді

Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.