Бейнебақылау камераларынан алынған видеодан бала тұрғын үйлер арасындағы жолға пандус арқылы сырғанап түскен сәтте оның үстінен көлік жүріп өткенін көруге болады, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді
Бұл оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекбаев көшесіндегі үйдің ауласында болған. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.
Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақта аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram