Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Астанада өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.
ҰҚК (КНБ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны дүйсенбі, 21 сәуір күні тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан тапқан.
«Полиция органдары қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда», – делінген ресми хабарламада.
Астана қаласы Полиция департаменті редакцияға берген мәліметінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Таразда жалдамалы пәтерден полицейдің денесі табылған болатын. Толығырақ сол материалда.