Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады
  • Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр
  • Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды
  • Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
  • AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді
  • Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды
  • «Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)
  • «Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 10 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қала құрылысы кезінде ең алдымен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

– Астананы дамыту барысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуына ерекше мән береміз. Оларға тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері – жылу, электр қуаты, су, сондай-ақ мектептер, балабақшалар мен оқушылар сарайлары кіреді. Біз әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке инвестицияларды да тартамыз, – деді әкім.

Бүгінде елордада барлығы төрт оқушылар сарайы жұмыс істейді. Оның екеуі мемлекеттік, қалған екеуі – жекеменшік. Былтыр жалпы саны 4 мың балаға арналған екі жеке оқу және шығармашылық орталық пайдалануға берілген. Олар:

• «Sana Bilim» – 2 мың орындық нысан (Тұран даңғылы бойында);

• «Sana Sport» – спорттық және шығармашылық бағыттағы 2 мың орындық орталық (Қажымұқан көшесінде).

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта тағы төрт жаңа оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі мемлекеттік қаржы есебінен, ал біреуі жеке инвестициялар арқылы салынып жатыр.

Биыл пайдалануға берілетін нысандар

• «TANYM» көпфункционалды кешені – Мұхамедханов пен Шыңғыс Айтматов көшелерінің қиылысында орналасқан, 2000 орынға арналған мемлекеттік нысан.

• «BIART» шығармашылық индустрия мектебі – Сығанақ көшесі, 17/41 мекенжайында орналасқан, 2000 орындық жекеменшік жоба.

2026 жылы іске қосылатын нысандар

• Ақан Сері мен С189К көшелерінің қиылысындағы 2000 орындық көпфункционалды кешен (мемлекеттік).

• М.Төлебаев көшесіндегі 2000 орындық көпфункционалды кешен(мемлекеттік).

2027 жылға жоспарланған жобалар

• Түркістан даңғылы мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысындағы 2000 орындық кешен (мемлекеттік).

• Қарасай батыр мен Қарталы көшелерінің қиылысындағы 2000 орындық кешен (мемлекеттік).

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бұл жобалар елорданың әр ауданында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуына мүмкіндік береді.

– Қаламызда жаңа ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты міндетіміз. Сол себепті мұндай орталықтар балаларға білім алумен қатар, өнер, спорт және инновациялық бағытта өз қабілеттерін шыңдауға жол ашады, – деді әкім.

Оқылып жатыр

«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Қаламгер ұстаханасы»: Астанада көрнекті жазушы-драматург Роза Мұқановамен кездесу өтті

Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды

Шекарасыз шахмат: Астанадағы Олимпиада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға шабыт сыйлайды

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

Астанада ұстаздарға арналған «Ustaz Brend» заманауи кабинеті ашылды

Соңғы жазбалар

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

10 Қараша, 2025

AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді

10 Қараша, 2025

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды

10 Қараша, 2025

«Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)

10 Қараша, 2025

«Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті

10 Қараша, 2025

Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді

10 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді

10 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.