Фото: polisia.kz
Астанада «Алатау» спорт кешенінде жаттығу кезінде полиция қызметкері жүрек талмасынан қайтыс болды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде жаттығу кезінде 1983 жылы туған полиция қызметкері Қасымхан Омарғазұлы Мелдебеков жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады.
Жедел жәрдем көмек көрсете алмады
Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері жаттығудан кейін өзін жайсыз сезініп, спорт залдың шыға берісінде есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жедел жеткенімен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады.
«Медициналық тексеру нәтижесінде полиция қызметкерінің өліміне миокард инфаркті себеп болғаны анықталды», – делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.