Бүгін түнде Астана қаласының ескі вокзал маңында қатты жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, дүмпу қала орталығында да сезілген, ал кейбір үйлерде терезелер сынған. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарылыс даусы түн ортасында тұрғындарды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда оқиға орны маңында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны байқалады.
Ресми мәліметтер
Алдын ала ақпарат бойынша, «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ) баспасөз қызметі жарылыстың Астана станциясындағы сұрыптау жолында тұрған жүк контейнерінде болғанын мәлімдеді. Контейнер жеке компанияға тиесілі, ішінде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.
Абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеген. Дегенмен, бір адам жеңіл жарақат алып, дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетті.
Жарылыстың себебі анықталуда
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі мен құзырлы органдар жарылыстың нақты себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары жарылыстың қасақана ұйымдастырылғаны немесе техникалық ақаудан болғаны жөнінде бірнеше нұсқаны қарастыруда.
Оқиға туралы қосымша ақпараттар анықталған сайын жарияланады.
View this post on Instagram