Фото: скриншот
Кеше, 10 наурыз күні Астана қаласы Айтматов көшесінің бойында жолға таласып, төбелесіп қалған екі жігіт енді 10 тәулік қамауда өткізетін болды, деп жазады Todayinfo.
Бұл туралы қаланың әкімшілік соты хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін екі жүргізуші бір-бірінен жол бермей, көшенің ортасында төбелес шығарды. Жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер бұл көріністі түсіріп алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар дер кезінде ұсталған.