Фото: Instagram/gulmira_dairabaeva: Twitter
Танымал блогер Артур Асқарұлы ата-анасының ажырасып, басынан өткерген қиын кезеңі жайлы Айсауле Бақытбекке берген сұхбатында айтып берді,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
«18 жасымда ата-анам ажырасып кетті. Мен және екі інім болды. Осы аралықта ата-анамның арасында махаббат көрмедім, олар үнемі ұрысатын. Менің әкеме деген өкпем қара қазандай болды. Барлық жерден оны бұғаттадым. Қазір ол туралы ашық айта алатыным, психологтармен көп жұмыс істедім. Контент үшін де видео түсіргенде оны көруге барамын. Мен ата-анамды қалай бар, солай жақсы көремін», — деді блогер.
Еске салсақ, Артур Асқарұлы танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабайдың ұлы.