Күні кеше «Қаңтар оқиғасы» бойынша 7 жылға сотталған Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова үкім шыққаннан кейін жылап, өкінішін жеткізді, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Кеше ешкімге айтпай, бауырымды қолдауға Алматыға ұшып келдім. Менің әке-шешем, бауырларым бар. Прокурорлар осыған дейін де 7 жыл сұраған. Оны ата-анама айтпаған едім. Қорқасың, денсаулықтарына бірдеңе болып қала ма деп. Сол жеті жылды өзгертпей мойнына артты. Сонда біздің 1,5 жыл сандалып жүргеніміз қайда кетті? 30-ға толмаған жас-жігіттер 15 жылға кетіп қалды. Мен тек Бердах үшін жылап отырған жоқпын. Қанша білімді жас жігіттер кетіп қалды. Неге көшіп келді біз Қазақстанға? Обал болды», — дейді Бекетова.
Еске салсақ, «Қаңтар оқиғасына» қатысқан 44 адамға үкім шықты. Оның ішінде «Дикий Арманға» 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жылға сотталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram