Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Атбасарда 8,4 млрд теңгеге жаңа қазандық салынып жатыр: қаланы жылумен қамту жүйесі жаңармақ

Атбасарда 8,4 млрд теңгеге жаңа қазандық салынып жатыр: қаланы жылумен қамту жүйесі жаңармақ

5 Мамыр, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атбасар қаласында соңғы жылдардағы ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – орталық қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қаланың жылумен қамту жүйесін кешенді жаңарту өткен жылы қолға алынған болатын. Бүгінде құрылыс қызу қарқын алып, жобаның негізгі кезеңіне көшті. Жобаның жалпы сметалық құны – 8,4 миллиард теңге, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жоба аясында қуаттылығы 120 мегаватт болатын жаңа қазандық салу жоспарланған. Бұл қаладағы тозығы жеткен сегіз шағын қазандықтың қызметінен бас тартуға мүмкіндік береді. Жаңа жылу жүйесі 555 мың шаршы метрден астам аумақты қамтитын болады. Оның ішінде 438 мың шаршы метр – негізгі жылыту аймағы болса, 117 мың шаршы метр – резервтік қор ретінде қарастырылып отыр. Мұндай ауқымды жаңғырту жұмыстары қаланың жылумен қамтылу сенімділігі мен энергия тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Құрылыс жұмыстарын «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта ескі құрылымдар – газ жүретін құбырлар, күл ұстағыштар, кірпіш қабырғалар, іргетастар мен көтергіштер түгелдей алынып тасталды.

Сонымен қатар, жаңа технологиялық жабдықтар орнатылуда: №3 және №4 қазандықтарға арналған түтін соратын құрылғылар мен циклондар қойылды, шлак пен күлді утильдеу жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа химиялық су дайындау ғимараты бой көтеріп, қазандықтар мен сыртқы жылу желілеріне арналған іргетастар төселді.

Ақмола облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, реконструкция жұмыстары келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба іске қосылған соң, 3,5 мыңнан астам тұрғын, 110 кәсіпкер мен ұйым, сондай-ақ 31 бюджеттік мекеме сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етіледі.

Оқылып жатыр

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Дәннен инвестицияға дейін: Ақмола облысы Қазақстанның астықты өңірі ретіндегі мәртебесін қалай нығайтып келеді

«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралар өтуде

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

Көкшетауда Конституцияның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтті

«Үш ай тұрақты өшкен»: Зерендіге қарасты үш ауылды электрмен жабдықтау толық шешілді

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.