Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек
  • Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті
  • Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды
  • Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр
  • Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр
  • Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды
  • Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Атырау облысында 10 мыңнан астам адам дүниежүзілік тазалық күніне арналған сенбілікке қатысты

18 Қыркүйек, 2025 Атырау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атырау облысында «World Clean Up Day» дүниежүзілік тазалық күні аясында кең ауқымды экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Акцияға аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорын қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары, экобелсенділер және жергілікті тұрғындар белсенді түрде атсалысты. Барлығы облыс көлемінде 10 мыңнан аса адам жұмылдырылды. Сенбілікке аудан әкімдіктері мен ауылдық округтер де қатысып, өз аумақтарында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстары ауқымды аумақты қамтыды. Атырау қаласында сенбілік «Самал» ықшамауданынан «Сарыөзекке» дейінгі аралықта, сондай-ақ «Атырау» ықшамауданы жанындағы айналма көпір маңында жүргізілді. Қатысушылар қоқыс жинап қана қоймай, кейбір орындарда қураған шөпті шауып, қоқыс алаңдарын ретке келтірді. Нәтижесінде 150 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

Экологтардың айтуынша, мұндай акциялар қала мен ауылдағы санитарлық жағдайды жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға да септігін тигізеді.

«World Clean Up Day» — жыл сайын бүкіл әлем бойынша 180-нен астам елде өтетін халықаралық экологиялық қозғалыс. Бұл күні әлем бойынша 18 миллионнан астам ерікті өз аумағында сенбілікке шығып, табиғи жерлерді қоқыстан тазартады. Қазақстанда дәстүрлі сенбілік қыркүйек айының үшінші сенбісінде өтеді.

Іс-шараны Атырау облысы әкімдігі мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды. Жергілікті билік мұндай шаралар өңірде тұрақты түрде өткізіліп тұратынын, алдағы уақытта экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған жаңа жобалардың іске қосылатынын атап өтті.

Оқылып жатыр

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

Атырау облысында 8 жаңа спорт кешені салынып жатыр: әкім Қызылқоға ауданы тұрғындарымен кездесті

Атыраулық «Отбасы» шаруа қожалығы өңірді жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етіп отыр

Соңғы жазбалар

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

24 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.