Фото: istockphoto.com
2024 жылдың 11 айында Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам ВИЧ-инфекция жұқтырып алған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Azattyq Rýhy хабарлағандай, осы аралықта өңірде 85 адамнан осы жұқпалы дерт табылған. Айта кетерлігі, 2023 жылы дәл осы уақытта аймақта 55 адамнан ВИЧ табылған.
«Былтыр гетерсексуалды жыныстық қатынастан кейін 56 адам, гомосексуалды жыныстық қатынастан кейін 21 адам, ине арқылы есірткі қабылдаған 2 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған», — деп жауап берді басқарма біздің ресми сауалға.
Айтып өткеніміздей, 2023 жылы Атырау облысында 55 адамнан ВИЧ табылған. Оның ішінде 5 адам ЛГТБ өкілі болып шыққан.