Атырауда көлік тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, көлікте болған жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында Атырау қаласы аумағындағы Атырау-Дамба тасжолында болған.
«2007 жылы туған жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан ВАЗ-2170 автокөлігіндегі 2009 жылы туған жасөспірім жолаушы оқиға орнында қайтыс болып, тағы бір жолаушы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.