Атырау облысы МКД басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті ,деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы ақпарат «gosarchivekz» телеграм арнасында жарияланған. Алдын ала тараған ақпаратта МКД басшысының орынбасары прокурормен төбелесіп, таяқ жеген.
«Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (МКК) басшысының орынбасары Әліби Бақытжанов қала мекемелерінің бірінде болған оқиғадан кейін комаға түсті. Желіде таратылған ақпаратқа сәйкес, Бақытжанов жанжал кезінде басынан соққы алып, Атырау облыстық ауруханасының реанимациясына жеткізілді. Қазірге белгілі ақпаратқа сәйкес, оқиға 28 қаңтарда Beer House Villa мекемесінде болған. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады», – делінген ақпаратта.
Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Фото: gov.kz