Фото: instagram / Хасан Қасымбаев
Талғардан шыққан Хасан Қасымбаевқа қатысты бірден үш бап бойынша іс қозғалуда, бұған дейін кейбір БАҚ-да бір баптың алып тасталғаны жазылған болатын, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Алматы облысы полиция департаменті Талғарда ұйымдасқан қылмыс жетекшісі деп танылып кеткен Хасан Қасымбаевқа қатысты істің қандай баптар бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
«Көрсетілген тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі.