Танымал әнші Мұрат Әбділда алғаш рет жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Абырой» бағдарламасына сұхбат берді. Ол қазіргі уақытта Түркістан облысы маңындағы ауылда тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Анам түс көріп, ауылға көшуге кеңес берді»
Мұрат Әбділда 20 жыл бұрын отбасымен ауылға қоныс аударғанын, бұл шешімді анасының түсінде аян алған соң қабылдағанын жеткізді.
«Біз ауылға 20 жыл бұрын көшіп келдік. Анама түсінде аян беріп, осы жерге қоныс аударуға кеңес берген. Содан бері осы ауылда тұрып жатырмыз. Шаңырағымызда көптеген бақытты сәт өтті», – деді ол.
«Екі рет үйлендім, бірақ баламыз болмады»
Әнші бұған дейін екі рет отбасын құрғанын, алайда екеуінде де балалы болмағанын айтты.
«Бірінші және екінші жұбайыммен арада бала болмады. Екінші рет үйленгенде, мен бұрынғы әйеліммен бір жылдай ғана тұрдым, кейін ол мені тастап кетті. Қазір араласпаймыз», – деп бөлісті Мұрат Әбділда.
Үшінші рет үйленіп, қызды болуға дайындалып жатыр
Өз сұхбатында ол үшінші рет үйленгенін де жасырмады.
«Абақтыдан шыққаныма бес ай болды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шыққан едім. Содан соң екі айдан кейін үшінші рет үйлендім. Қазір келіншегім жүкті, қыз күтіп отырмыз. Ол перзентханаға дайындалып жатыр», – деді әнші.
Сонымен қатар, ол қызды болуды қалайтынын, бірақ Алланың бергеніне разы екенін атап өтті.