Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ау, төрдегі билік иелері!» — Софы Сматаев Нұрғали Нүсіпжановтың жанайқайын жеткізді

30 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Белгілі қаламгер Софы Сматаев Facebook-тегі парақшасына Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі мүшкіл халы туралы жазды.

Ол күміскөмей әншімен ауруханада жолыққан. Айтуынша, өзі «иіні түсіп, еңсесі езілген, бұрынғы асқақ әншіні әрең таныған».

 

Естуімше, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптап алшақтау кеткен бірінші, екінші жұбайларынан туған бес қызын Нұрағаң кезінде шет елдерде оқытып, қолынан келер мүмкіншіліктердің бәрін жасаған екен. Тіршілікті кейде сана билемей, көлденеңдеп киліге кететін ірілі-уақты керіс-кикілжіңдер илеп ала жөнелерін ескерсек, от басы, ошақ қасынан таба алмаған түсінісу мен ұғынысудың болмауы Нұрағаны ақыры бірінші һәм екінші жұбайларынан ажырастырып тынады. Жалғыз қалып, орыс пен ұйғырдың босағаларын паналаған ұлы әнші қандала мен бүргеге таланып, жүрек талмасы – инфарктқа ұшырайды. Бағып-қаққан қыздарынан балалық ықылас, мейірім таппаған Нұрағаң 80-ге қараған шағында аяқ-қолынан әл кетіп, тұра алмай қалады. Екі-үш жылдай келіп-кетіп, көмек-жәрдемін тигізген Жадыра қарындасы жедел жәрдемді шақырады. Дәрігерлер әкетіп бара жатқанда: «Қарағым, Жадыра, жүрегіме жасалатын операция біткенше тосып отыршы. Кетпеші!» деген өтініш-өксігін жеткізеді. Операция сәтті аяқталып, әлсіреп қалған азаматты қыздарының бағып-қақпайтынын көріп, айдалаға тастап кете алмаған Жадыра біржола Нұрағаның басы-қасында болуға келісімін береді. Енді екеулеп әкімдікке қол жаяды. Сағынтаевты сағалайды. Досаевты жағалайды. Жақындап қалған 85 жасын уайымдай бастайды. Кешегі өзін алақанына салып ардақтаған қазағының, тілеулестерінің алдына шығып, рухын асқақтатып өнер кешін, шығармашылық тіршілігінің бір белесін түйіндеп, шалқар Шәмшінің, телегей Нұрғисаның асыл аманаттарын – әсем әндерін ұлты мен жұртына аялап тапсырғысы келеді. Бірақ… — деп күрсінді жазушы.

 

Өйткені әншіге ешкім көмек қолын созбаған. Тек Алматы әкімі Ерболат Досаев қана қаладан екі бөлмелі пәтер алып берген. Оның өзі қаланың шетіндегі лифті бірде істеп, бірде істемейтін үйдің 22-қабатынан тиген.

 

Ақыры Жадыра екеуі ақылдасып, әлгі пәтерді сатады да жиған-тергендерін қосып, орталықтан мекенжай алмақ болады. Содан бір күні есіктерін бір жігіт қағады ғой. «Нұраға! Сіздің мүшкіл халіңізді естіп, қол ұшын созғалы келдім. Мен – Өзбекәлі Жәнібековтің немере інісімін. Жоғары жақта таныстарым көп. Он күннің ішінде үш бөлмелі пәтерге ие боласыздар» деген соң, аспаннан күткені жерден табылғандай болмай ма?! Кеудесіне адалдық ұялаған жан әркімнің де адал болатынына сенімін жоғалтпайды ғой. Жиған-терген бар ақшасын әлгі жігіттің қолына ұстата салады. Он күн өтеді. Ай өтеді. Жылжып, екінші ай жақындайды. Ақша да жоқ, үй де жоқ. Алаяққа алданғандарын сонда ұққан екеуі енді сотқа арызданады. Былтырғы желтоқсанда басталған сот отырысы әлі жүріп жатыр. Алаяқ: «Төлей қоятын ақшам жоқ. Бірер айда тауып қалармын» деп маңайына жолатпай жүрген көрінеді. Бүгінде әділетті үкім шығаратын соттың қалмағаны белгілі. Қай жағы қалтасын қалыңдатса, соның сойылын соғары хақ. Ағамыз ілік-тартыстан әбден болдырып, денсаулығы нашарлап, бүгінде ауруханада жатыр, — дейді Софы Сматаев.

 

Содан ол 3-4 күн бұрын өзі ауруханадан шығарда әншінің палатасына кірген. Сонда шарасыз әнші «Софыжан, сен үйіңе барасың. Балаларың мен немерелеріңнің ыстық ықыласына бөленесің. Ал мен… мен қайда барам? Қай-да-а?» деп көзіне жас алыпты.

 

Ағамды құшақтап, шыланған кірпігімді жасырып шығып кеттім. Не істейін? Қырық жылдан бері бір тиын қаламақы алмаппын. Қандай көмек-жәрдемімді тигізе алармын. Уысымның бос ашылып-жұмыларын қайтейін. Ау, төрдегі билік иелері! Қазақстанның халық әртісіне қол ұшын беріп, көкіректегі өксіктің орнын мейірім-қайырымдарыңмен толтыра алармысыңдар? Ау, қазақтың ақшалы, қалталы абзал азаматтары! Кешегі Олимпиадаға қатысқандарға үш-төрт автокөлік, қос-қостан пәтер беріп, алдарына үйір-үйір жылқы салғандарыңды көрдік. Мынау 70 жыл қазақы рухымызды асқақтатып, қазақы әуенімізбен ұлтымыздың ұлылығын әспеттеп келген күміскөмей әнші ағамызға да оң қабақтарыңды түсірсеңдерші! Жомарт көңілді жомарттықтарыңмен аялап көрсеңдерші бір… – деген жанайқайын жеткізді жазушы.

 

Естір құлақ, қойылар құлық болса, қаламгердің осы жазбасының өзі – шенеуніктер мен кәсіпкерлердің ар-абыройына артылатын бір зіл батпан жүк.

Ау билік жанайқайын жеткізді иелері Нүсіпжановтың Нұрғали Сматаев Софы төрдегі

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.