Ауыр атлетика федерациясының мәлімдеуінше, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген.
— 63 жастағы маман уақытша спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалификациялау туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын, — деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.
Сондай-ақ федерация Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты.
Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.
Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов осы жүлделерді жеңіп алғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң алтындарынан айырылған болатын.