Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Мен оған ұл туып бердім»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Мөлдір екеуінің күйеуге таласы жайлы айтты

27 Қараша, 2025

«Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым»: Алтынбек Қоразбаев көпшілік білмейтін құпиясын ашты

27 Қараша, 2025

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мен оған ұл туып бердім»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Мөлдір екеуінің күйеуге таласы жайлы айтты
  • «Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым»: Алтынбек Қоразбаев көпшілік білмейтін құпиясын ашты
  • «Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
  • «Баға өсімін тоқтату – көзбояушылық»: экономист халықты қымбатшылықтан шаршатқан билікті сынға алды
  • «Асқар Сабдинді келтірмеу керек»: желіде Атыраулық бас имамының мемлекеттің идеологиясына қарсы шыққан аудиосы тарады
  • «Мәһр мен қалыңмалға талас»: Шымкентте жас жұбайлардың соты өзгеше өтті
  • Дархан Сатыбалдының сабыры сарқылды: Алматы әкімдігі жауапсыз мердігерлерді шетінен сотқа сүйреп жатыр
  • Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары

Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары

26 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Egemen.kz

Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Мархабат Жайымбетов аудан әкімдерінің сайлауын уақытша тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы депутаттар бүгінгі Мәжілістің отырысында сөз қозғады. Атап айтқанда, Ерлан Саиров депутаттық сауалында еліміз соңғы 5 жылда айтарлықтай ірі қадамдар жасап, бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын айтты. Алайда мәселенің пысықтайтын тұстары да бар.

«Әлі де сайланып жатқан ауыл әкімдерінің құзыретін, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін реттеу қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Заң аясында ауыл әкімдерінің құзыретін әлі де кеңейтуіміз қажет. Төртінші бюджетті қалыптастыру тетіктерін заңмен пысықтауымыз тиіс», – деді депутат.

Ерлан Саировтың айтуынша, еліміз бүгінде аудан, қала әкімдерін пилоттық форматта сайлауға кірісіп, 52 әкім сайланған екен. Бірақ бұл тәсілдің тиімділігі әлі де сараланбаса керек. Ол жетілдіруді талап етеді. Тіпті, сайланған аудан әкімдерінің арасында бір жылға жетпей жұмысынан кеткендер де бар деп сөзін жалғады депутат.

Әріптесінің сөзін қолдаған Мархабат Жайымбетов өзі бұрын қала мен аудан әкім болғандықтан бұл мәселемен жақсы таныс екенін айтты. Депутаттың айтуынша ол жақында ғана бірқатар аудан аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысқан. Сапар барысында депутат аудан әкімдерін тікелей сайлау жүйесінің әлі де пысықтауды қажет екеніне көз жеткізген екен.

«Ауданға бөлінетін қаржы мәселесін реттеуге тиіспіз. Ал аудан әкімдерінің құзыреті бойынша бірнеше маңызды заңға өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, білім беру саласының шығыстары облыстық бюджетте қалып, кірістері аудан бюджетінде. Қазір аудан әкімдерінде құзырет аз, жауапкершілік көп. Білім, денсаулық ветеринария саласы, жұмыспен қамту орталықтары тіпті бағынбайды аудан әкіміне. Ең бастысы, ауыл әкімдерінің сайлауының бір 5 жылдық кезеңін күтіп, ауылдық сайланған әкімдердің тәжірибелі корпусын даярлау маңызды. Сонда ғана саяси, ең бастысы кәсіби кадрлар резерві қалыптасады. Сондықтан оған әзірше уақытша тоқтау қойып, жан-жақты пысықтағанымыз жөн», – деді ол.

Бұған қоса, Ерлан Саиров аудан әкімдерінің сайлауына қыруар қаражат кететінін алға тартты.

«Тек биылдың өзінде 6 аудан әкімі мен 1 облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті. Осының өзіне мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды», – деді депутат.

Өз сөзінде ол ауылдық округ әкімдерінің сайлау жүйесін енгізу бес жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқанын айтып, аудан әкімдерін сайлау мәселесінде жүйелі әрі жан-жақты зерделенген тәсіл қажет екеніне тоқталды.

Бұл ретте Ерлан Саиров әлемдік тәжірибеге арқа сүйеген саяси сарапшылар мен мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар азаматтардың «аудан әкімдерін мәслихат депутаттары да сайлай алады» деген пікірін ортаға салды.

Сондай-ақ, депутаттар осынау маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайтынына назар аударып, ұсыныстың сайлау процесін шектеуге емес, керісінше халықтың сайлауға деген сенімін арттыруға бағытталғанын еске салды.

Сөз соңында қос депутат жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, сайлау, өңірлерді дамыту туралы көптеген заңдарға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауына то

аудан әкімдері Депутаттар Мәжіліс сайлау

Оқылып жатыр

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Баға өсімін тоқтату – көзбояушылық»: экономист халықты қымбатшылықтан шаршатқан билікті сынға алды

«Мәһр мен қалыңмалға талас»: Шымкентте жас жұбайлардың соты өзгеше өтті

Дархан Сатыбалдының сабыры сарқылды: Алматы әкімдігі жауапсыз мердігерлерді шетінен сотқа сүйреп жатыр

«New York Times» газетінің зерттеуі: қазақты қырған Ленин, Дзержинский бастаған қызылдардың байлығы мен Швейцарияға тыққан долларлары белгілі болды

Қос елдің қаржылық егесі: Қазақстан мен Өзбекстан өзара соттаспақ

Соңғы жазбалар

«Мен оған ұл туып бердім»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Мөлдір екеуінің күйеуге таласы жайлы айтты

27 Қараша, 2025

«Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым»: Алтынбек Қоразбаев көпшілік білмейтін құпиясын ашты

27 Қараша, 2025

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

27 Қараша, 2025

«Баға өсімін тоқтату – көзбояушылық»: экономист халықты қымбатшылықтан шаршатқан билікті сынға алды

27 Қараша, 2025

«Асқар Сабдинді келтірмеу керек»: желіде Атыраулық бас имамының мемлекеттің идеологиясына қарсы шыққан аудиосы тарады

27 Қараша, 2025

«Мәһр мен қалыңмалға талас»: Шымкентте жас жұбайлардың соты өзгеше өтті

27 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалдының сабыры сарқылды: Алматы әкімдігі жауапсыз мердігерлерді шетінен сотқа сүйреп жатыр

26 Қараша, 2025

Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды

26 Қараша, 2025

Аудан әкімдерін сайлау мәселесін әлі де зерделеу қажет – Мәжіліс депутаттары

26 Қараша, 2025

Қызылорда — Астанаға арасы 12 сағат — ауқымды жоба аяқталды

26 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.