Фото: Известия
Атысты тоқтату 15 қазаннан Исламабад уақытымен 18:00–ден бастап (Астана уақытымен бірдей) күшіне енді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Пәкістан Сыртқы істер министрлігі екі тараптың диалог арқылы осы күрделі мәселенің оң шешімін табу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Бір апта бұрын екі ел арасындағы шиеленіс күшейіп, шекарада қарулы қақтығыстар мен атыс болған.
Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында әскери қақтығыстар болып жатқаны хабарланған болатын.
12 қазанда Кабул Қатар мен Сауд Арабиясының өтініші бойынша шабуылдарды тоқтатқанын мәлімдеді. Алайда Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында жаңа әскери қақтығыстар басталды.