Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

6 Қыркүйек, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шәріптоғай ауылдық округі аудан орталығынан 6 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде 230 адам тіркелген. Медициналық пункт 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып, биыл пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мекемеде ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдауды фельдшер жүргізеді. Пункттің амбулаториялық-емханалық қуаттылығы – тәулігіне 25 адам.

Ғимарат заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда пациенттерді қабылдау кабинеті, процедура бөлмесі, дезинфекциялық құралдарды сақтау бөлмесі және күту залы бар. Сапалы медициналық көмек көрсету үшін мекеме пульсоксиметр, дефибриллятор, физиотерапиялық аппарат, небулайзер, телекардиограф сияқты қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі Берік Уәли ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Көкпекті ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 6 медициналық мекеме салынды. Шәріптоғай ауылындағы нысанды көру үшін арнайы келдім. Жаңа ғимарат халық игілігіне қызмет етуі тиіс. Құтты болсын. Ғимарат әдемі, сапалы, жақсы салынған. Ең бастысы – тұрғындарға қажетті медициналық көмек уақтылы әрі сапалы көрсетілуі керек», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі жергілікті тұрғындардың шағымына байланысты «Қалбатау – Майқапшағай» республикалық маңызы бар тас жолының Шәріптоғай учаскесіне арнайы барды. Тұрғындар елді мекеннен республикалық жолға шығатын қиылыстың жолы қауіпті екенін ескертіп, биіктетуді сұрады. Аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен облыстық полиция департаментіне жол салушы мекеме өкілдерімен бірлесе отырып мәселені шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

Оқылып жатыр

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.