Фото: freepik.com
Рамазан айында ауыр жұмыс істейтін азаматтарға ораза ұстау қиындық туғызуы мүмкін. Дегенмен, шариғат талаптарына сәйкес, адам қатты шөл немесе аштықтан өміріне қауіп төнетіндей жағдайда ғана ауызын ашуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оразаны бұзуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?
Егер адам ауыр жұмыс істеп, қатты әлсіресе және бұл оның өміріне қауіп төндірсе, онда оразасын бұзуға құқылы. Бірақ кейіннен сол күннің қазасын өтеуі қажет.
Ал егер адам өзін әлсіретіп, әдейі оразасын бұзатын болса және бұл ешқандай зәрулікке байланысты болмаса, онда оған кәффарат өтеу міндеттеледі.
Ауыр жұмыс істейтіндерге ұсыныстар
Оразаны бұзбау үшін жұмыс уақытын қысқарту немесе түнгі ауысымға ауысу ұсынылады.
Еңбек демалысын рамазан айына сәйкестендіру абзал.
Ораза кезінде жұмыс ауыр болса да, сәресіні ішіп, аузын бекіту керек. Алла тағала оған оразаны соңына дейін ұстауға күш беруі мүмкін.