Танымал блогер Зарина Сапар отбасындағы қиыншылықтарды жайып салды. Ол күйеуінің ит мінезі туралы “Айтарым бар” подкастына берген сұхбатында айтты , — деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Айтуынша, күйеуі боқтап, балағаттаған.
«Ол бірнәрсе деп боқтады. Көтеріліп кетіп “боқтамаңыз” дедім. Ә, десе, мә, дейтіндей жауап қайтардым. Бірақ боқтап, жаман сөз айтқан жоқпын. Дауыс көтеріп қана жауап бердім. Ол мені итеріп, құлатты. Итерген кезде пісіріп жатқан бәліштерге құлаймын. Сол сәттен бастап сүйікті адамға бірдеңе істеп беруге ниетім кетіп қалды. Мен де орнымнан тұрып табақпен бір ұрдым», — деді блогер.
Жанжалдың соңы әйелдің таяқ жеуімен аяқталған.
«Дастархандағы пышақты алып не мен, не сен өлесің деген ойым болды. Сол бір жағдайды айтып тұрмын. Ал екі күн бұрын аяғым ауыр, ішіме отырып алып басымды екі жаққа ұрды. Өзі біледі, еркек болса мойындайтын шығар», — деді жас келіншек.