Қазақстанның жас шахматшылары үшін Азияның 2025 жылғы мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты нағыз триумфпен аяқталды: бағдарламадағы үш бөлім бойынша (рапид, классика және блиц) олар жалпы саны 22 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10-ы — алтын, деп хабарлайды Todayinfo.
2025 жылғы 25 қазаннан 1 қарашаға дейін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 16 елден келген 675 жас шахматшының қатысуымен мектеп оқушылары арасындағы Азия-2025 шахмат чемпионаты (19th Asian Schools Chess Championships 2025) өтті. Қазақстан делегациясы құрамында 38 спортшы болды.
Чемпионат ұлдар мен қыздар арасында алты жас санаты бойынша өткізілді: 7 жасқа дейін (2018 жылы және одан кейін туғандар), 9 жасқа дейін (2016 ж. және одан кейін туғандар), 11 жасқа дейін (2014 ж. және одан кейін туғандар), 13 жасқа дейін (2012 ж. және одан кейін туғандар), 15 жасқа дейін (2010 ж. және одан кейін туғандар) және 17 жасқа дейін (2008 ж. және одан кейін туғандар).
Міне, біздің барлық алтын медаль иегерлеріміз:
3 – Алихан Хажатұлы (O15, Жетісу обл.): 1-ші орын – классика және блиц, 2-ші орын – рапид;
2 – Нұрәлі Нұршин (O9, Астана): 1-ші орын – классика және блиц;
2 – Малика Жаппарбекова (G15, Астана): 1-ші орын – рапид және блиц;
2 – Алдияр Жарас (O13, Алматы): 1-ші орын – рапид, 3-ші орын – классика;
2 – Нұрмұхаммед Кабиназар (O15, Алматы): 1-ші орын – рапид, 3-ші орын – классика;
1 – Рамазан Төлеген (O11, Алматы обл.): 1-ші орын – рапид;
1 – Ақерке Молдағали (G13, Астана): 1-ші орын – блиц.
Күміс және қола медаль иегерлері:
1 – Нұрислам Сұлтанхан (O9, Түркістан обл.): 2-ші орын – классика;
1 – Сүлейман Ахмет (O13, Павлодар обл.): 2-ші орын – рапид;
1 – Венера Жәкішева (G7, Астана): 2-ші орын – рапид;
1 – Милана Филиппова (G11, Алматы): 2-ші орын– рапид;
1 – Ақниет Күмісбай (G9, Маңғыстау обл.): 2-ші орын – блиц;
1 – Әдия Мамеш (G11, Астана): 2-ші орын – блиц;
1 – Макар Чернышов (O7, Алматы): 3-ші орын – блиц;
1 – Алихан Дәулет (O17, Алматы): 3-ші орын – блиц;
1 – Нұрсұлу Оразалина (G17, Астана): 3-ші орын– блиц.
Командалық есепте Қазақстан шахматшылары рапидте үздік нәтиже көрсетті (4 алтын және 4 күміс медаль), классикада (2–1–2) үшінші орынға ие болды, ал блицте (4–2–3) – екінші орын алды. Үш уақыттық бақылау түрі бойынша (классика, рапид және блиц) Қазақстан құрамасы жалпы саны22 медаль (10–7–5) жеңіп алды.
Салыстыру үшін: 2023 жылы Ташкентте бізде 17 медаль (1–7–9) болса, бір жыл бұрын Бангкокте – 24 медаль (10–7–7) алынған.
25 қазанда қатысушылар рапид бойынша 10+5 жүйесінде (әр партияға 10 минут және әр жүрістен кейін 5 секунд қосылады) 7 турдан тұратын швейцар жүйесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
O7 (86 қатысушы): 1. AFM Михаил Марков (1748, FIDE) – 7 ұпай; 2. ACM Кавиш Бхаттад (1436, Үндістан) – 6; 3. Бат-Эрдене Буянхишиг (0, Моңғолия) – 6.
O9 (97 қатысушы): 1. Кирилл Морозевич (1859, FIDE) – 6½ ұпай; 2. AFM Кавиинаян Мейяжаган (1824, Оңтүстік Корея) – 6; 3. Шохжахон Сидиков (1688, Өзбекстан) – 5½.
O11 (90 қатысушы): 1. Рамазан Төлеген (2073) – 6½ ұпай; 2. Герман Калиниченко (1804, FIDE) – 6; 3. Тран Минь Хьеу (1868, Вьетнам) – 6.
O13 (59 қатысушы): 1. Алдияр Жарас (2046) – 6 ұпай; 2. CM Сүлейман Ахмет (2159) – 6; 3. CM Мирослав Батурин-Виноградов (2224, FIDE) – 5½.
O15 (40 қатысушы): 1. Нұрмұхаммед Кабиназар(2094) – 6 ұпай; 2. CM Алихан Хажатұлы (2247) – 6; 3. FM Бат-Эрдене Дууренхишиг (1942, Моңғолия) – 5½.
O17 (28 қатысушы): 1. Уранжаргал Содбилег (1870, Моңғолия) – 6 ұпай; 2. Артём Мещеряков (2124, FIDE) – 5½; 3. Гьяна Сай Сантош (1899, Үндістан) – 5.
G7 (63 қатысушы): 1. Шреянши Джайн (1475, Үндістан) – 6 ұпай; 2. Венера Жәкішева (1578) – 6; 3. Делгерсайхан Сод (0, Моңғолия) – 6.
G9 (57 қатысушы): 1. Накшатра Гумудавелли (1683, Үндістан) – 6 ұпай; 2. Идер Целмег (1504, Моңғолия) – 6; 3. Чагдар Оюнсундер (1520, Моңғолия) – 5½.
G11 (54 қатысушы): 1. WCM Идер Целмуун (1677, Моңғолия) – 6½ ұпай; 2. Милана Филиппова (1830) – 6; 3. Ганчулуун Ивеелхуслен (1563, Моңғолия) – 6.
G13 (48 қатысушы): 1. WCM Ньямдорж Энхриихен (1644, Моңғолия) – 7 ұпай; 2. WFM Батпелден Буянхишиг (2117, Моңғолия) – 6; 3. Ценгел Амин-Эрдене (1577, Моңғолия) – 5½.
G15 (30 қатысушы): 1. Малика Жаппарбекова (1930) – 6 ұпай; 2. WFM Рукия Олимова (1881, Өзбекстан) – 5½; 3. WCM Шаравдорж Оюнгерел (1819, Моңғолия) – 5.
G17 (22 қатысушы): 1. WIM Энх-Амгалан Энхрии (2023, Моңғолия) – 5½ ұпай; 2. Мьягмардорж Оюмаа (1835, Моңғолия) – 5½; 3. Азалия Мифтахова (1870, FIDE) – 5.
Осылайша, рапид бойынша Қазақстанның жас шахматшылары 4 алтын медаль жеңіп алды – Рамазан Төлеген (O11), Алдияр Жарас (O13), Нұрмұхаммед Кабиназар (O15) және Малика Жаппарбекова (G15), сондай-ақ 4 күміс медаль иеленді – Сүлейман Ахмет (O13), Алихан Хажатұлы (O15), Венера Жәкішева (G7) және Милана Филиппова (G11).
2025 жылғы 26 қазаннан 31 қазанға дейін қатысушылар классика бойынша 90+30 жүйесінде (әр партияға 90 минут және әр жүрістен кейін 30 секунд қосылады) 9 турдан тұратын швейцар жүйесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
O7 (87 қатысушы): 1. Лю Хаоян (1435, Қытай) – 8 ұпай; 2. AFM Михаил Марков (1571, FIDE) – 7½; 3. Бат-Эрдене Буянхишиг (0, Моңғолия) – 7.
O9 (98 қатысушы): 1. Нұрәлі Нұршин (1873) – 8½ ұпай; 2. Нұрислам Сұлтанхан (1781) – 7; 3. Болдбаатар Батбилег (1876, Моңғолия) – 7.
O11 (89 қатысушы): 1. Даниил Каминский (1882, FIDE) – 9 ұпай; 2. Дживан Рао Гаутм (1688, Малайзия) – 7; 3. Тулга Лхагвадемчиг (1562, Моңғолия) – 7.
O13 (61 қатысушы): 1. CM Баатар Батбаатар (2090, Моңғолия) – 7½ ұпай; 2. Сэмюэл Стивен Ноубл (2030, Үндістан) – 7½; 3. Алдияр Жарас(2046) – 7.
O15 (42 қатысушы): 1. CM Алихан Хажатұлы(2195) – 7½ ұпай; 2. CM Тохир Нематов (2066, Өзбекстан) – 7; 3. Нұрмұхаммед Кабиназар (2115) – 7.
O17 (25 қатысушы): 1. CM Гениван Генкесваран (2036, Малайзия) – 7½ ұпай; 2. CM Бурентегш Алдар (2187, Моңғолия) – 7; 3. Артём Мещеряков (2147, FIDE) – 7.
G7 (64 қатысушы): 1. Во Лан Хуэ (0, Вьетнам) – 8½ ұпай; 2. Шреянши Джайн (1494, Үндістан) – 7½; 3. Уурцайх Баянлхан (0, Моңғолия) – 7.
G9 (59 қатысушы): 1. Мадинабону Асадова (1612, Өзбекстан) – 7½ ұпай; 2. Фарзонабону Бозорова (1453, Өзбекстан) – 7½; 3. Идер Целмег (1508, Моңғолия) – 7.
G11 (54 қатысушы): 1. WCM Идер Целмуун (1865, Моңғолия) – 7½ ұпай; 2. Марьяна Осипова (1710, FIDE) – 7; 3. Во Май Фуонг (1596, Вьетнам) – 7.
G13 (44 қатысушы): 1. Целмег Мьягмар (1883, Моңғолия) – 7 ұпай; 2. Мохинур Хикматхонова (1781, Өзбекстан) – 7; 3. WCM Ньямдорж Энхриихен (1738, Моңғолия) – 7.
G15 (32 қатысушы): 1. Регина Соколова (1918, FIDE) – 7 ұпай; 2. WFM Батпелден Буянхишиг (2212, Моңғолия) – 7; 3. WCM Шаравдорж Оюнгерел (1819, Моңғолия) – 6½.
G17 (20 қатысушы): 1. WFM Евгения Сатановская (2152, FIDE) – 8½ ұпай; 2. WIM Энх-Амгалан Энхрии (2167, Моңғолия) – 7; 3. WFM Энх-Амгалан Эмуджин (2138, Моңғолия) – 6.
Осылайша, классика бойынша Қазақстанның жас шахматшылары қоржынында 2 алтын медаль – Нұрәлі Нұршин (O9) және Алихан Хажатұлы (O15), 1 күміс медаль – Нұрислам Сұлтанхан (O9), сондай-ақ 2 қола медаль – Алдияр Жарас(O13) және Нұрмұхаммед Кабиназар (O15).
2025 жылғы 1 қарашада қатысушылар блиц бойынша 3+2 жүйесінде (әр партияға 3 минут және әр жүрістен кейін 2 секунд қосылады) 9 турдан тұратын швейцар жүйесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
O7 (86 қатысушы): 1. Бат-Эрдене Буянхишиг (0, Моңғолия) – 8½ ұпай; 2. Кемаль Мирзакулов (1517, Өзбекстан) – 7½; 3. Макар Чернышев (1485) – 7.
O9 (99 қатысушы): 1. Нұрәлі Нұршин (1912) – 8 ұпай; 2. Кирилл Морозевич (1897, FIDE) – 7½; 3. Шохжахон Сидиков (1764, Өзбекстан) – 7½.
O11 (86 қатысушы): 1. Никита Кравченко (1921, FIDE) – 8 ұпай; 2. Даниил Каминский (2204, FIDE) – 7½; 3. Давганамдаг Тугсбилгуун (1790, Моңғолия) – 7½.
O13 (59 қатысушы): 1. Макар Бердашкевич (2073, FIDE) – 9 ұпай; 2. FM Абдумажид Ботиралиев (2022, Өзбекстан) – 7; 3. Тумурчудур Тувшинтулга (1834, Моңғолия) – 7.
O15 (39 қатысушы): 1. CM Алихан Хажатұлы(2084) – 8½ ұпай; 2. CM Тохир Нематов (1911, Өзбекстан) – 7½; 3. Алексей Белов (2119, FIDE) – 7.
O17 (29 қатысушы): 1. Уранжаргал Содбилег (1870, Моңғолия) – 7½ ұпай; 2. Батор Жамбалов (2192, FIDE) – 6½; 3. CM Алихан Дәулет (2261) – 6.
G7 (61 қатысушы): 1. Мохинур Азамхуджаева (1533, Өзбекстан) – 8½ ұпай; 2. Во Лан Хуэ (1555, Вьетнам) – 7; 3. Шреянши Джайн (1469, Үндістан) – 7.
G9 (56 қатысушы): 1. Эльзята Левгеева (1517, FIDE) – 8 ұпай; 2. Ақниет Күмісбай (1584) – 8; 3. Чагдар Оюнсундер (1520, Моңғолия) – 7.
G11 (53 қатысушы): 1. WCM Идер Целмуун (1684, Моңғолия) – 8 ұпай; 2. WCM Әдия Мамеш (1675) – 7½; 3. Дорждерем Мунх-Аялгуу (1582, Моңғолия) – 7.
G13 (42 қатысушы): 1. Ақерке Молдағали (1641) – 7 ұпай; 2. Ценгел Амин-Эрдене (1577, Моңғолия) – 7; 3. AIM Трипурамбика В. (1593, Үндістан) – 7.
G15 (35 қатысушы): 1. Малика Жаппарбекова(1887) – 7½ ұпай; 2. WCM Эрденесайхан Зол-Учрал (1862, Моңғолия) – 7; 3. WCM Шаравдорж Оюнгерел (1818, Моңғолия) – 6½.
G17 (18 қатысушы): 1. WFM Евгения Сатановская (2152, FIDE) – 8 ұпай; 2. Мьягмардорж Оюмаа (1835, Моңғолия) – 7; 3. WFM Нұрсулу Оразалина(1796) – 6.
Осылайша, блиц бойынша Қазақстанның жас шахматшылары төрт алтын медаль жеңіп алды – Нұрәлі Нұршин (O9), Алихан Хажатұлы (O15), Ақерке Молдағали (G13) және Малика Жаппарбекова (G15), екі күміс медаль – Ақниет Күмісбай (G9) және Әдия Мамеш (G11), сондай-ақ үш қола медаль – Макар Чернышев (O7), Алихан Дәулет (O17) және Нұрсұлу Оразалина(G17).
https://s3.chess-results.com/tnr1280669.aspx

