Фото: Shutterstock
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі алғаш рет Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) юаньмен қарыз алды. Холдинг басшысы Рустам Қарағойшин бұл туралы Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қарыз қандай мақсатта алынған?
Қарыз көлемі – 400 миллион юань. Басқарма төрағасының айтуынша, бұл қаржы инвестициялық жобаларға тиімді шарттармен бөлініп, 7-8% мөлшерлемемен, 10-15 жыл мерзімге беріледі.
«Бұл өте маңызды оқиға және бұл тек басы ғана. Алынған қаражат өсімдік шаруашылығына бағытталды», – деді Қарағойшин.
«Бәйтерек» холдингі туралы маңызды ақпарат
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – Қазақстан Үкіметіне қарасты ірі қаржы ұйымы. Оның жалғыз акционері – ҚР Үкіметі.