Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бәрі біле бермейді: қазақстандықтар 3 күндік әлеуметтік демалыс ала алады

Бәрі біле бермейді: қазақстандықтар 3 күндік әлеуметтік демалыс ала алады

9 августа, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік демалыстың еңбек демалысына қатысы жоқ. Ол бөлек беріледі, — деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

3 күн әлеуметтік демалыс емханада скрининг өтуге арналған.

Бұл жайлы Еңбек кодексінде не айтылған?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, қызметкерлерге әлеуметтік демалыс Қазақстан Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі.

«Қызметкерлерге (өзге де әлеуметтік демалыстардан басқа) бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс, сондай-ақ жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде 3 жұмыс күні көлемінде демалыс беріледі», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

«Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге міндетті», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Кім және қашан скринингтен өтуі керек?

Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыстың тәртібі мен көлемін айқындау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен регламенттеледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті.

«Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте анықтау және аурулардың дамуын, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары уәкілетті орган айқындайтын осы зерттеулерді жүргізу тәртібі, көлемі және кезеңділігі бойынша скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс», — деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Еске салайық, белгілі бір жасқа толған қазақстандықтар үшін онкоскринингтің үш түрі бар:

  • сүт безі қатерлі ісігінің скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);
  • жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);
  • колоректальды қатерлі ісікке скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет).

Сондай-ақ, қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабеті, глаукома, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша скрининг бар.

Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаға жүгіну қажет. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скринингтік кабинеттер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Әлеуметтік демалыс қалай рәсімделеді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қызметкер әлеуметтік демалысты рәсімдеу үшін қандай құжаттар керегін айтты.

«ҚР Еңбек кодексінде қызметкердің скринингтік зерттеулерден өткені туралы растайтын құжаттарды ұсыну міндеті регламенттелмегендіктен, құжаттарды қызметкер өз еркімен ұсынған жағдайларды қоспағанда, бұл демалыс қызметкердің өтініші негізінде берілуі тиіс деп есептейміз (бұл дербес деректер туралы заңнаманы сақтау қажеттілігінен туындады)», — деп түсіндірді Министрлікте.

Егер жұмыс беруші қызметкерді скринингке жібермесе не істеу керек?

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, егер жұмыс беруші қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беруден бас тартса, қызметкер «еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы».

Фото: depositphotos.com

Оқылып жатыр

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды – Ерлан Қарин Президент құттықтауын жеткізді

Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.