Жаңа адамдар жастар қозғалысы Республика күніне арнап патриоттық бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
«Біздің әрқайсымыз — еліміздің бір бөлшегі.
Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді.
Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді.
Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз.Республика күні — жай ғана күнтізбедегі күн емес.
Бұл — оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл — біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел — басқа бір жерде емес екенін түсіну.
Ел деген — біз. Бұл мен.
Мен — Қазақстанмын.Мерекеңмен, Қазақстан.
Әр күн — біз өмір сүргіміз келетін ел үшін жасалған қадам болсын»,- деді жастар.

