Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Тарихи туризм ошақтары көп, облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік.
ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі көптеген саяхатшыларды тамсандырған мекендер.
Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде құрылғанынан бастап өңірде туризмді дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ресми статистикалық деректерге сүйенсек, 2019 жылы өңірге келген туристердің саны -174,4 мың адам болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 562,8 мыңды құрап отыр.
Чартерлік әуерейс Бахрейн азаматтары үшін Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасымен біріктірілген туристік өнім әзірлеуге қажет. Туристік өнім 7 тәулікті құрайды. Оның ішінде, 4 тәулік облыс аумағындағы саяхат. Чартерлік әуерейс туризмнің төмен маусым кездері желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланған. Жалпы 9 рейс, 8 туристік топтың келуі күтілуде. Әр топ (бір рейс) 180 туристтен тұрады (жалпы 1440 турист). Әрбір рейстен облыс экономикасына 26 млн.тг-ден астам қаржы қалады – деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінгі таңда, Түркістан облысы бойынша туристерді орналастыратын 224 объект (орналастыру орындары) жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 164 болған.
Бұл ретте, аталған саладағы прогресс жаңа орталықтардың құрылысына, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге және қызмет көрсету мәдениетін көтеруге бағытталған жобаларға байланысты оң нәтиже беруде. Мейрамханалар, қонақ үйлердегі қызметтер біртіндеп жақсарып келеді.
Ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
2024 жылдың 7 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 41,6 млрд.тг-ні құрады.2024 жылы жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 35,6 млрд. теңгені құрайтын 37 туристік инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Дегенмен, өңірге келетін туристер санын ұлғайту және туристерге қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілу керек. Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 тамызында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстың Туризм саласын дамыту бойынша мәжіліс өткізіліп, мәжіліс қорытындысымен берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарға сәйкес Түркістан облысының туризм саласын дамыту бойынша жауаптылықты бекіту туралы жол картасы бекітілді.
Жол картамен туризмді дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін іске асырылатын негізгі тапсырмалар
Жол картасы жалпы 184 тапсырмалар мен
іс-шаралардан қамтылған 6 тараудан тұрады.
– І тарау. Туристік инфрақұрылым объектілерін ұйымдастыру
(10 тармақ, 108 тармақша).
– ІІ тарау. Туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту
(4 тармақ, 13 тармақша).
– ІІІ тарау. Маркетинг (3 тармақ, 19 тармақша).
– ІV тарау. Туристік әлеуетті арттыру бойынша жүйелі жұмыстар
(3 тармақ, 12 тармақша).
– V тарау. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қызметін жандандыру (2 тармақ, 18 тармақша).
– VІ тарау. Аудан және қалаларда туризм саласын дамыту бойынша жұмыстар (3 тармақ, 14 тармақша).
Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған.
Жол картасының нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25%-ға, шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтілуде.
Жол картаға кеңінен тоқталсақ, І тарау – өңірдегі танымал туристік нысандарын дамытуға бағытталған. Бұл ретте, әлеуеті жоғары
10 туристік нысан таңдалып алынды. Олар:
– Сауран қалашығы;
– Отырар қалашығы;
– Ақмешіт үңгірі;
– Тұттыбұлақ сарқырамасы;
– «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– Ақсу шатқалы;
– Сарыағаш шипажай орталығы;
– «Жібек жолы» бақылау өткізу бекеті;
– Түркістан қаласы;
– «Хантағы» аумағы.
Жол картада нысандарға кіреберіс жолдарын жөндеу, төлқұжаттар мен жол сілтегіштер орнату, нысандарды дамыту эскиздік жобаларын әзірлеу, тарихи нысандардың тақырыптық экспозиялық жоспарларын дайындау және кіру формаларға үлгі бекіту қарастырылған. Сондай-ақ, туристік соқпақтар әзірлеу, нысандар маңында модульдік ақпараттық киоск пен визит-орталықтар орналастыру, аумақтарда сервис нысандарын салу бойынша инвесторлар тарту, кейбір нысандарға кіру ақысын бекіту шаралары қамтылған.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында этноауылды, Күлтөбе қалашығын, Қолөнершілер орталығы, City Tour, Лазерлік шоу жобаларын жүзеге асыру көзделген.
ІІ тарау – туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту. Оның ішінде:
– туристік нысандардың ақпаратын жаңарту және әдістемесін дайындау,
– гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру;
– туристік қызмет көрсетушілер (такси, электрокар, шырақшы) үшін бірыңғай қызмет көрсету қағидасын әзірлеу;
– туристік субъектілердің қызмет көрсету сапасын жақсарту.
Тарауда туристерге арналған бірыңғай әдістемелік құрал әзірлеу, туристік қауымдастық өкілдеріне семинар-тренингтер ұйымдастыру, сертификаттау жүйесі мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның «Tedqual» (Туристік Білім Беру Сапасы) жүйесін енгізу, аудиогидтар дайындау, электрокарлар қызметін реттеу, маршрутын бекіту жоспарланған.
ІІІ тарау – маркетинг бөлігі.
Маркетинг жұмыстарының маңызды механизмі өңірдің біркелкі брендін әзірлеу және әрбір облыс пен мемлекет үшін жекелеген жұмыс бағытын айқындау болып табылады.
Әзірленген біркелкі брендке сәйкес түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама, туристік операторлар мен агенттіктермен жұмыс, нысандардың 3Д фото модельдерін дайындау жоспарлануда.
Сонымен қатар, халықаралық туристік көрмелерде өңірдің туристік әлеуетін таныстыру және оқиғалық іс-шаралар ұйымдастыру қамтылып отыр.
Маркетингтік құралдардың кейбір жобаларына тоқталсақ.
GET LOST WIZZ AIR жобасы.
Жоба 180 травел-блогердің жасырын қалаға саяхаттауын қамтиды. Жасырын қаланың әуекемесінің қонғанда ғана хабарланады.
Бұл жоба басқа елдерде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, Wizz AIR әуекомпаниясы Бішкекке саяхат жобасын жүзеге асырды.
Жобаны жүзеге асырумен травел-блогерлер арқылы 40 млн. адамды жарнамамен қамтиды.
Қазіргі таңда, WIZZ AIR компаниясымен алдын ала кесіссөздер жүргізілді. Авиакомпания ұшу шығындарын көтереді.
Саяхат бағдарламасы әзірленіп, пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық тур 3 күн, 2 түнді, шығын көлемі
29,8 млн.тг-ні құрайды. Өз кезегінде, тұру шығындары жергілікті қонақ үйлермен келіссөздер жүргізу арқылы 50%-ға төмендетілді. Жобаның іске асыру мерзімі 2025 жылға наурыз айына жоспарлануда.
Туристер ағынын арттыру үшін туроператорлармен жүргізу арқылы Бахрейн-Түркістан чартерлік рейсін іске қосу жоспарлануда.
Чартерлік әуерейс Бахрейн азаматтары үшін Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасымен біріктірілген туристік өнім әзірлеуге қажет. Туристік өнім 7 тәулікті құрайды. Оның ішінде, 4 тәулік облыс аумағындағы саяхат.
Чартерлік әуерейс туризмнің төмен маусым кездері желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланған.
Жалпы 9 рейс, 8 туристік топтың келуі күтілуде.
Әр топ (бір рейс) 180 туристтен тұрады (жалпы 1440 турист).
Әрбір рейстен облыс экономикасына 26 млн.тг-ден астам қаржы қалады (жалпы 200 млн.тг-ден астам).
Анықтама үшін: тұру шығындары – 18 млн.тг, тамақтану шығындары – 4,7 млн.тг, көлік шығындары – 1,6 млн.тг, нысандарға кіру шығындары – 1,5 млн.тг, гид шығындары – 0,6 млн.тг.
Көрсетілген шығындарда әуежай қызметтері (жалпы
3 млн.тг) мен қосымша тамақтану, сувенирлер сатып шығындары есепке алынбаған.
Бүгінгі күнге туристік өнімді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Туроператор өкілдеріне туристік нысандарға ақпараттық тур ұйымдастырылды және чартерлік әуерейс ашу бойынша «FlyArystan» әуекомпаниясымен келіссөздер жүргізілді.
Этнотуризмді дамытуға инвестор тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Karavansaray» туристік кешенінде этностильдегі «ASTYQ» тамақтану орнын ашу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда кешен мен әлеуетті инвестормен жалға алу келісім-шарты түзілді.
«ASTYQ» тамақтану орны концепті – жылдам әзірленетін (фаст-фуд) жергілікті тағамдар.
Тамақтану орны алаңы – 250 шаршы метр,
жоба құны – 150 млн.тг.
Тамақтану орнын жергілікті брендке айналдыру көзделуде. Сонымен қатар, тамақтану орнында түрлі мастер-кластар мен шоу ұйымдастыру жоспарлануда.
ІV тараумен облыстың туристік әлеуетін арттыру бойынша жүйелі тұрақты жұмыстар қамтылды.
Тарау туристік әлеует пен туристік өнімдер санын арттыру және күшейту, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру бөліктерінен тұрады.
Аталған тарауда облысты республиканың ТОП туристік дестинациялар тізіміне қосу, өңірге кіреберістерде ақпараттық стендтер орнату, жол бойындағы сервис объектілерінің эскиздік жобаларын келісім арқылы жүзеге асыру секілді тапсырмалармен қамтылған.
Сонымен қатар, облысты кластерлік дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, экотуризмді дамыту үшін экологиялық таза жобалар жүзеге асыру және «Қасқасу» таушаңғы жобасын іске асыру тармақтарымен қамтылған.
V тарауда «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қызметін жандандыру мәселелері енгізілді.
Жол картасында орталық қызметін монетизациялауға басымдылық берілді.
«Turkistan Pass» туристік дисконттық картасын әзірлеу, монетизациялық қызмет түрлері мен «Recommended by Open Turkistan» жобасын енгізу, оқиғалық іс-шараларға сәйкес турпакеттер әзірлеу және іске асыру, туристік өнімдерді онлайн сату жүйесін қалыптастыру секілді жобалар ұсынылған.
VІ тарауда аудан және қалаларда туризм саласын дамыту бойынша жұмыстарға бағытталған.
Тарауда салықтық түсімдерді арттыру, туристік және тарихи нысандарды күтіп ұстау және туристік әлеуетті арттыру жұмыстары бөліктерінен тұрады.
Салықтық түсімдерді арттыру орналастыру орындарын статистика мен мемлекеттік кірістер органдарына, Е-Qonaq жүйесіне тіркеу жұмыстарын жүргізу және базаларды сәйкестендіру.
Сонымен қатар, туристік және тарихи нысандарда тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
Бұдан бөлек, аудан, қалаларда арнайы рекреациялық аймақтарды белгілеу, жол бойында фермалар мен баулар орнату, қолөнер қызметін дамыту, туристік аумақтарды мобильді интернет желісімен қамту және
инвестиция тарту жұмыстары жүргізу қамтылған.