Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025 Ақтөбе облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов Мемлекет басшысы бастамашы болған ұлттық жобалардың жүзеге асуы және облыс әкімінің халықпен кездесуде берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, ауданда тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жол жөндеу және инфрақұрылым

2025 жылы аудандағы 83,3 шақырым жолды қамтитын 6 бағытта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 9 ауылішілік көше мен аудандық маңызы бар жолдар жаңартылып, қайта салынуда. Жолдармен қатар, көше жарықтандыру жобалары қарқын алды: қазіргі таңда 202 дана шам орнатылды.

Әлеуметтік нысандар құрылысы

Қарауылкелді ауылында өрт сөндіру депосы, 400 орындық мәдениет үйі және 100 орындық кітапхана құрылысы басталды. Сондай-ақ, Ноғайтыдағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), Оймауыт пен Дияр ауылдарындағы медициналық пунктер жаңартылып, пайдалануға берілді.
Аудандық спорт мектебі, Дияр ауылындағы спорт залы және Қопа ауылындағы парк те қайта жаңғыртудан өтті.

Су және газ инфрақұрылымы

Баршақұм ауылында 7 430 метр су құбыры желісі тартылып жатыр. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 83,5%-ы көгілдір отынмен қамтылған. Сонымен қатар, Қаражар, Оймауыт және Қораши ауылдарында газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша 10 елді мекенді газдандыру жобасы жоспарда тұр.

Демеушілікпен жүзеге асқан жобалар

Жергілікті демеушілердің қолдауымен Қопа ауылында саябақ абаттандырылып, ескерткіш орнатылды. Дияр мен Көлтабандағы әлеуметтік нысандар да қолдауға ие болды.

Әкім Айбек Көпеновтің айтуынша, бұл жобалар – ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және заманауи әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар болып отыр.

Оқылып жатыр

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

Кеңқияқта мұнайшыларға құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.