Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • «Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады
  • «Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Байырғы халықтың үлесі лезде артады: Қазақтарды солтүстікке көшірудің ең керемет әдісі табылды

Байырғы халықтың үлесі лезде артады: Қазақтарды солтүстікке көшірудің ең керемет әдісі табылды

9 Маусым, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: caravan.kz/orda.kz

Қаламгер, лингвист, тарихшы-шежіреші Көкбөрі Мүбарак Солтүстікке көшті оңдаудың 17 жолын айтып берді.

                          Фёдоров – бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат есім

Әуелі ол «тұрғылықты байырғы халқы аз аудандарға нақты қанша адам апару керек, қанша үй дайын болуы керек, қанша жер мен ақша бөлінуі тиіс?» деген секілді мәселелер нақты есептелгені дұрыс» деп санайды. Сондай-ақ, кейіпкеріміз бірқатар аудан халқының пайыздық өлшемін шығарып, тиімді тұстарын атады.

– Солтүстік Қазақстан (Қызылжар) облысының Айыртау ауданында қазақ 39,8 пайызын ұстайды. Бұл ауданға оңтүстіктен немесе шетел қазағынан 10 мың тұрғын әкелсек, лезде қазақ 53,9 пайыздық өреге көтеріледі. Бұған дейін 47,06 пайызын ұстап келген орыс ұлтының өкілдері 35,7 пайызға төмендейді. Аққайың ауданында 34,3 пайыз қазақ бар. Бұл ауданға оңтүстіктен немесе шетел қазағынан 10 мың тұрғын көшірсек, лезде қазақ 57,6 пайыздық межеге көтеріледі. Сонда бұған дейін 43,5 пайыз болған орыс ұлтының өкілдері 28,1 пайызға күрт төмендейді. Қостанай облысының Фёдоров ауданында небәрі 17,46 пайыз қазақ қоныстанған. Бұл ауданға оңтүстіктен немесе шетел қазағынан 20 мың тұрғын апарар болсақ, қазақ лезде 55 пайыздық деңгейге көтеріледі. Бұған дейін 39,73 пайыздық орыс ұлтының өкілдері 21,7 пайыз болса, аудан халқының 24,8 пайызы – украин ұлтының өкілдері 13,5 пайызға төмендейді. Бұл – бірнеше мысал. Әрі қарай жаңағы айтылған аудан атын бірден өзгертсек те жарасып тұр. Мысалы, Фёдоров – бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат есім, – дейді ол.

                                Көшті қазақ ұлтының өкілдері аз аудандарға шоғырландыру керек

Көкбөрі Қизатұлының сөзінше, Солтүстік өңірлерді қанша жерден қазағы аз десек те, кейбір ауданында қазақтар жоғары салыстырманы ұстайтындықтан, ол аудандарды осы көш бағдарламасына қоспай, уақыт пен шығынды үнемдеп, қалған аудандағы халық санын реттеуге күш салған жөн.

– Мысалы, қазақтар Солтүстік Қазақстан (Қызылжар) облысының Ақжар ауданында онсызда 78,4 пайыз тұрады. Сол секілді, Ш.Уәлиханов ауданында 89,8 пайыз қазақ бар. Қостанай облысының Аманкелді ауданында – 98,4%, (Жанкелді ауданы – 99,7, Наурызым ауданы – 72,3) Арқалық қаласында 79,8 пайыз қазақ қоныстанған. Сондай-ақ, Павлодар (Керегежар) облысының Ақтоғай ауданында – 76,4, (Баянауыл – 90,2, Ертіс– 54,9, Аққулы – 82,1, Май – 86,3), Ақсу қаласында – 59,8, Екібастұз қаласында 61,8 пайыз қазақ өмір сүріп жатыр. Ақмола (әсілі, Ақмол) облысының Біржан сал ауданында – 63,5, Ерейментау ауданында – 67,6, Зеренді ауданында – 67,1, Қорғалжың ауданында – 88,1, Целиноград ауданында – 81,4 пайыз қазақтар болса, Көкшетау қаласының 59,3 пайызын қазақтар ұстайды. Осы аталған қазағы мол аудандарды уақытша тізімнен шығара тұрып, көшті қазақ ұлтының өкілдері аз аудандарға шоғырландыру керек, – дейді тарихшы-шежіреші.

Қазағы мол аудандар бірден ұлттық атауға ауысуы тиіс. Қаламгер Көкбөрі Мүбарак ұсынған Солтүстікке көшті оңдаудың үшінші жолы елордаға қатысты. Рас, Астана – күннен-күнге кеңіп, жаңа көркейіп, гүлденіп келе жатқан қала. Әрі қаланың маңындағы ауылдарға үсті-үстіне төгіліп жатқан жаңа қоныстанушылардың саны өте көп. Кейіпкеріміз сол себепті «қала маңындағы ауылдардың көбін қазағы көп Целиноград ауданына ғана қарасты етпей, орталық қалаға жақындау тұрған қазағы аз Аршалы ауданы мен Шортанды ауданының әкімшілік картасына бас қаланың маңындағы ауылдарды қосып беру керек» деп есептейді.

Әрі Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының қазағы шоғырланған, ұлттық мәдениеті дамыған жерлері көп бола тұра, аталған өңірлердегі мына аудандар ішінара солтүстікке бағытталатын қоныстанушылардың орналасу орындары тізіміне енуі тиіс:

  •  Қарағанды облысының Абай ауданы, Сарыбел (Осакаров) ауданы, Шахтинск қаласы, Саран қаласы, Теміртау қаласы;
  •  Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы, Глубокое ауданы, Шемонаиха ауданы, Риддер қаласы, Өскемен қаласы.

«Қазақ ұлтының саны мол аудандардың атауы бірден ұлттық атауларға ауысуы тиіс». Дәл осы пікірдің иесі – лингвист Көкбөрі Қизатұлы. Оның пікірінше, бұлай жасауға негіз де бар.

– Бұл қатарда Қарағанды облысының қазағы қалың Поиозёрск қаласының атын, Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының атын реттеу керек. Катон сөзі бір қарағанда бөгде тіл сияқты әсер береді. «Катон» атауын жергілікті Қатын өзенімен байланыстырған күнде де сол аудан тұрғындарының кез келген жерде айтуына ыңғайсыздық тудырады. Атымтай Айсекен деген кісінің Катон-Қарағай ауданының әсілгі аты Қотан-Қарағай екені туралы жазған мақаласы шартарапқа тараған болатын. Катон-Қарағай ауданының атын «Қотанқарай» деп немесе аудан орталығы болған Үлкен-Нарын кентінің аты бойынша «Нарын ауданы» деп, ауданның қазіргі атауына аты жақын Балқарағай ауылының атымен атауға да, жергілікті үлкен су қайнары болған Жеті-Қабаның бірі болған Қара-Қаба өзенінің атымен атауға да болады, – деді ол.

                              «Өз халқын өзіне көшіру» атты бастама жемісін береді

Негізінен, Атом энергиясы, кен орындарының кесірінен болған экологиялық ортасы ауыр дәрежеде ластанған өңірдің адамдарын қорғау, оларды да солтүстікке көш бағдарламасының игіліктенушілері ретінде 250 мыңға жуық қазақ тұратын Семей қаласы тұрғындарының біршама мол бөлігін Шығыс Қазақстан облысының Алтай тауы бөктеріндегі табиғаты көркем әрі таза, десе де қазағы тым аз аудандарға орналастыруға болады. (Адам саны аса көп болмағанымен де, Бесқарағай ауданы, Алтай ауданы мен Курчатов қаласының тұрғындарының біршама бөлігін де солай жасауға болады) Мұнан өзге «мұнайлы аймақ» деп есептелетін Атырау, Маңғыстау облысының экологиялық ортаның бұзылуынан зардап шеккен және алда зардап шегуі мүмкін болған орындарындағы тұрғындарын да осы көштің құрамына алуға негіз бар.

Осы орайда, тарихшы «өз халқын өзіне көшіру» атты бастаманы алға тартады. Оның жүзеге асуын көпшілік қатты қалайды, қолдайды.

– Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы мен Алматы облысының Текелі қаласы орыс ұлтының басымдылығы көрінетін орындарға жатады. Жамбыл облысының Қордай ауданы, Алматы облысының Ұйғыр ауданы, Түркістан облысының Сайрам ауданы мен Кентау қаласы – дүңген, ұйғыр, өзбек ұлттарының басымдылығы белең беретін өңірлер. Сонымен бірге, бұл орындардың топырағы мен суы егіншілікті, сауданы дамытуға таптырмас жерлер. Бұл жерлерге шеттен келетін қазақтардан тыс, осы облыстардағы қазағы қалың аудандардың халқын жақсы шарт жағдаймен қамтамасыз етіп орналастыру керек. Ұйғыр ауданының аты жергілікті Қарадала, Шарын атауларын ескеріп, бірден ескі қалпына өзгертілуі керек. Кентау қаласы тұрған өңірде құрылатын Сауран ауданының әкімшілік картасына адамдар көптеп тартылып жатқан Түркістан қаласының іргесіндегі ауылдарды көптеп қосу керек, – дейді К.Мүбарак

Ақпарат көзі: inbusiness.kz

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

Соңғы жазбалар

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.