Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Балаларды қорғау – шынайы қамқорлық пен сенім ұялату ісі — Әлденей

Балаларды қорғау – шынайы қамқорлық пен сенім ұялату ісі — Әлденей

2 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек мерекелік шаралар емес, балалықты қорғау, балаларға қамқор болу, сенім мен қауіпсіз орта қалыптастыру деген ұғымның нақты көрініс табатын күні. Бұл – баланың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, оның жалғыз емес екенін сезіндіру. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей осылай дейді, деп хабарлайды Todayinfo.

Халықаралық мереке күні Қарағанды облысындағы «Таңшолпан» балаларды қолдау орталығында өткен кездесуде ата-анасыз қалған, тағдырдың салмағын ерте көрген балалармен жүздесу өтті.

Балалардың жүзінен мұң емес, керісінше, өмірге деген құлшыныс пен ерте есейген ішкі тегеурін байқалды. Олар – тағдырдың тәлкегіне қарамастан, өз болашағын өзі құруға дайын қайсар ұрпақ.

«Орталықтағы тәртіп пен үйлесімділік мекеме басшысы Серік Елтайұлының тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесі екені көзге көрініп тұр.
Ұжымда психологтар, тәрбиешілер, әлеуметтік қызметкерлер арасында өзара түсіністік пен кәсіби бірлік қалыптасқан.Балалар шағын отбасылық қауымдастықтарға бөлініп, ағалы-інілі, әпкелі-сіңлілі болып өмір сүреді. Бұл – оларды бір үйдің жылуына бөлейтін ерекше жүйе», — дейді ол.

Мемлекет жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды іспен қолдап келеді. Олардың болашағына бағытталған нақты бастамалар жүзеге асырылуда:

  1. Болашаққа инвестиция – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы
    7 миллионға жуық балаға жыл сайын шот ашылып, 18 жасқа толғанда тұрғын үй немесе білім алуға жұмсалады.
  2. Білімге жұмсалатын капитал – «Келешек» бағдарламасы
    1–5 жас аралығындағы балаларға 472 мың теңге бастапқы капитал аударылды.
  3. Әлеуметтік қолдау
    Колледжге түскен түлектер үшін жолақы мен тамақ тегін. Жыл сайын 200 мың теңгеден астам сома керек-жарағына бөлінеді.
  4. Жұмыспен қамту
    Облыстағы 38 колледж түлектері «Атамекен» мен жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен жұмысқа орналасып жатыр.

«Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қолдауымен орталыққа 30 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды. Бұл қаражатқа 71 бала 50 күнге табиғаты әсем Шығыс Қазақстандағы лагерьде демалатын болады. Балалар демалып келгенше, орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Бүгін мейірімге бөленген бала – ертең айналасына мейірім тарататын азамат.Сондықтан баланы қорғау – аяу емес, қолдау көрсету, қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыру.Мемлекетпен қатар, әр азамат та осы игі іске өз үлесін қосуы тиіс», — дейді ол.

 

 

Оқылып жатыр

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.