Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

20 Тамыз, 2025 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінгі жастардың көбі қазақтың баяғыдан қалыптасқан ырым-тыйымдарын білмейді. Ал ересектер жақсылық пен жамандықтың жаршысы саналатын бұл қағиданы балаларға үйретуден қалды, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Заң және тәртіп» қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді. Біз ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын мұқият зерделеп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Бұл – халқымыздың құқықтық сана-сезімін арттыратын маңызды фактордың бірі. Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс. Мемлекеттік аппарат пен бүкіл қоғам жұмылып жұмыс істесе, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Озық ойлы ұлт болу үшін әдептілік, өзара құрмет, ұстамдылық, сыпайылық сияқты қасиеттерді барынша дәріптеген жөн. Азаматтарымыз әдеп пен заңды мәжбүрлікпен емес, саналы түрде сақтауы керек» ,– деп «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуді тапсырды.

ҚР Президентінің айтуынша,  өскелең ұрпақтың бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу – ата-аналар мен білім беру жүйесінің ортақ міндеті. Балалар қоғамдық құндылықтардың мән-мағынасын ұстазынан үйренеді, олардың мінез-құлқы негізінен мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан Үкімет білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысын қайта зерделеп қарауы керек және жас ұрпақты заңды сыйлауға үйрету мәселесіне баса мән бергені жөн.

Шынында да білім мен тәрбие жұмысын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәуелсіздік жылдары білім саласында жүргізілген  реформалардың бәрі тек рейтингті көтеруге  бағытталып, ата-ана мен білім беру мекемелері арасындағы байланысқа мән берілген жоқ. Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс-жұмыс деп шапқылап жүріп,  бүгінде алды немере сүйіп жатқан ата-ананың бір емес, бірнеше буыны өз балаларының отбасындағы күнделікті  тәліми-тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөле алмады. Бұл  елдегі құқықтық мәдениеттің дамуына кері әсерін тигізді. Халық әлеуметтік желінің арқасында әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың әсерінен  балалар арасындағы суицидтің азаймай тұрғанын күнделікті оқып, көріп, естіп отыр. Біреулер оны отбасылық құндылықтың бұзылумен байланыстырса, екіншілері қоғамдық ортамен, үшіншілері интернеттегі контенттің бақылаусыздығымен, төртіншілері құқыққорғау органдарының кәсібилігімен, бесіншілері қолданыстағы заңның орындалмауымен, алтыншылары елдегі сыбайластық пен жемқорлықпен, жетіншілері ақпараттық қауіпсіздіктің сақталмауымен  байланыстыруда.

Егер қоғамдағы барлық заңның қайнар көзі ұлттық мәдениеттегі ырым-тыйым екенін еске түсіретін болсақ, заң мен тәртіптің үстемдігін орнату үшін ұлттық мәдениетті заманауи әдіс-тәсілдермен дамытуға көңіл бөлген жөн шығар. Өйткені ырым – жaқсылықтың жaршысы сияқты болса, тыйым – жaмaндықтaн сaқтaндырудaн туғaн. Сондықтан қaзaқ ешқaшaн тыйым сөздерді aйтқaндa көпше жaлғaу қоспaйды. Себебі, тыйым әр адамға жеке aйтылады. Мәселен, халқымызда кішкентай кезінен бастап балаларға айтылатын «көкті жұлма» деген тыйым сөз бар. Ал оны мағынасын ашып, түсіндіру үшін «көк шөпті жұлсaң көктей орылaсың, жaстaй жaзым болaсың» деп ырым сөзге айналдырған.

«Дастарханды баспа», «суға түкірме», «күлді шашпа», «жалғыз ағашты кеспе», «аманатқа қиянат жасама», «құстың ұясын бұзба», «ерніңді шығарма», «кемтарға күлме»  деген сияқты тыйым сөздердің де әрқайсысы өзіндік мән-маңызы бар және қатаң орындауды қажет ететін құқықтық норма. Оны бұзған адамға ерсі қылық жасаған адамдарды  бұрын айыпты санап, түрлі жаза қолданған. Мәселен, Шыңғыс ханның «Ұлы жарғысында»: «Егер біреуден қарызға тауар алып, оны қайтара алмаса және осындай тірлікті үш рет қайталаса, әлгі адам өлім жазасына кесілсін. Мұндай жауапсыз адамның тірі жүргенінен өлгені артық».  «Отқа дәрет сындырғандар, суға түкірген адамдар өлім жазасына кесілсін» деген бар. Яғни «аманатқа қиянат жасама», «суға түкірме», «суға дәрет сындырма» деген тыйым сөздер белгілі бір  уақытта заңмен бекітіліп, ауыр жаза тағайындалған. Бұл кейін Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысында да көрініс табуы кездейсоқ жағдай деуге болмайды.

Егер  ырым мен тыйымдарды қайта  жаңыртып, оны мектеп қабырғасында арнайы оқытатын болса қоғамда заң мен тәртіп жылдам орнығып,  балаларының  ерсі қылықтарын балалық деп ақтайтын ата-аналар да жауапкершлікті сезінері анық.

Автор: Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Фото: tirshilik-tynysy

Оқылып жатыр

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Шекара асқан арулар: Қырғызстандық блогер екінші рет қазақтың сұлу қызына үйленбек (видео)

Соңғы жазбалар

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.