Құлсарыды кішкентай қызды еңгезердей еркек айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.
5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай өзегінен табылды.
Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жылыой аудандық полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.