Премьер-министр Үндістанға қашып кетті
Видеода қуанған адамдар тобы тұғырдан ұлт әкесіне арналған ескерткішті арқанмен тартып құлатқаны көрсетілген. Тәуелсіз Бангладештің бірінші басшысы билікке келгеннен кейін көп ұзамай бір партиялық жүйені қалпына келтіріп, баспасөз цензурасын енгізген еді. Тұңғыш президенттің қызы – Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина әкесінің саяси бағытын дәйекті түрде қайталаған. Бұл – наразылықтардың себебі болды, деп атап өтті Саер Хан.
5 тамызда Бангладеште студенттердің наразылығы ел астанасындағы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Демонстранттарға полиция мен қазіргі биліктің сөзін сөйлейтін белсенділер қарсы тұрған. Отставкаға кеткеннен кейін елдің премьер-министрі Хасина Үндістанға қашып кетті және сол жерде Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.
Шейх Хасина
Бангладештегі наразылық
Бангладештің бірнеше қаласында наразылық акциялары маусым айының соңында басталған, бірақ 4 тамызда үлкен сипатқа ұласты. Наразылықтар 1971 жылдың наурыз-желтоқсан айында Пәкістанға қарсы Бангладештің тәуелсіздік соғысында соғысқан ардагерлер отбасы мүшелері үшін мемлекеттік лауазымдардың 30%-ын сақтайтын квота жүйесіне байланысты өршіген. Студенттер 2018 жылы жойылған осы жүйені кемсіту деп қабылдады.
REUTERS/Mohammad Ponir Hossain
Сонымен қатар, наразылық білдірушілер премьер-министрдің Хасинаның отставкасын талап етті. Бангладеште екі партиялы саяси жүйе бар әрі оның бірі билікте тым ұзақ отырған.
Дереккөз: ulysmedia.kz