Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Баспасөз қашан да ұлттың үні, мемлекеттігіміздің тұғыры іспетті – министр

Баспасөз қашан да ұлттың үні, мемлекеттігіміздің тұғыры іспетті – министр

2 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

«Барша әріптестерімді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Қазақ баспасөзінің тағылымға толы тарихында бұл күннің маңызы бөлек. Себебі дәл осы күні Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының есімімен ұштасып жатқан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Сондықтан өткен жылы Үкімет қаулысымен 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілуінің өзіндік символдық мәні бар деп білеміз», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Оның айтуынша, ұлт мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газеті болашаққа деген ұлы мұрат жолында барша халықтың басын біріктірді. Ұлттық бірлік пен ынтымақтың ерен үлгісін көрсетіп, қазақ қоғамынның рухани кемелденуіне айрықша ықпал етті.

Мемлекет басшысының «Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады» деп атап өткеніндей, баспасөз қашан да ұлттың үні, мемлекеттігіміздің тұғыры іспетті. Мәдениет және ақпарат министрлігі мерзімді басылымдарға ұдайы қолдау көрсетіп келеді. 1991 жылы елімізде тек 10 республикалық газет пен журнал жарық көріп, 21 теле және радиоарна эфирге шықса, 2024 жылғы қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанда 5 804 БАҚ тіркелген. Оның 3 985-і – мерзімді баспасөз басылымы, 212-сі – телеарна, 90-ы – радио, 1 222-сі ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар.

Газет-журналдарға жазылу ісі де оңтайландырылып, «Қазпошта» және Kaspi Bank қосымшалары арқылы онлайн-жазылу жұмыстары жүйеленді. Өткен жылы аймақтардағы мерзімді басылымдардың жұмыс деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған өңірлік БАҚ форумы биыл да жалғасын табады.

«Әлемде болып жатқан жаңа трендтерге қарамастан, мерзімді басылымдардың жөні бөлек, маңызы ерекше. Сол себепті ұлттық медианы дамыту, бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру, журналистердің мәртебесін арттыру – негізгі мақсаттарымыздың бірі. Алдағы уақытта осы бағытта бәріміз бірлесе жұмыс істей береміз деп ойлаймын. Сондықтан осы салаға қатысы бар барша қызметкерлерді Ұлттық баспасөз күнімен тағы да құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілеймін!» – деп жазды Аида Балаева.

 

 

іспетті баспасөз да мемлекеттігіміздің министр тұғыры қашан үні ұлттың

Оқылып жатыр

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

«Африкада алмаз өндіреді»: Boxy Wealth-қа алданған мұғалімдер тек соңғы үш күнде 600 млн теңге аударған  

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін

Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

«Мұғалімдердің сорына келген министр»: журналистің сұрағынан соң Ғани Бейсембаев сынның астына қалды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.