Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бастығының аты Нұржан Нұрқабаев»: Аягөздегі офицер өлерінің алдында бастығына 213 мың теңге аударған (видео)

«Бастығының аты Нұржан Нұрқабаев»: Аягөздегі офицер өлерінің алдында бастығына 213 мың теңге аударған (видео)

23 Қыркүйек, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Марқұмның анасы Ботакөз Ысқақова ұлымен соңғы рет сөйлескенде не дегенін айтып берді. Анасының сөзінше, Аягөздегі гарнизонында «суицид жасады» деген 26 жастағы офицер Нұрсұлтан Алдамұратов өлерінің алдында бастағының шотына 213 мың теңге аударған, деп хабарлайды Todayinfo. 

«Балам маған 15 қыркүйекте 213 мың теңге ақша аударып жіберді. Біраз уақыттан кейін балам қайтадан телефон шалып, «Жаңағы ақшаны қайтадан жіберіңізші, мен бастыққа жіберем деп сізге аударып қойыппын», деді. Сосын мен ақшаны қайтадан балама жібердім. Сол кезде көңіліме күдік ұялады. Балама өзім қайта хабарластым да, «ол ақшаны неге бастығыңа бересің?» дедім. Ұлым бастығының «Ертең саған «подъемный» түссе, сен көп ақша алдың деп әркім ақша сұрауы мүмкін, сондықтан маған ақшаңды аударып қой», —  деп түсіндірді дейді Ботакөз Ысқақова.

Оқиғаның мән-жайын марқұмның анасы Azattyq Rýhy порталының тілшісіне айтып берген. Анасы ұлына «бастығыңа ақшаны берме, ертең қайта сұрап жүресің бе» дегенде, марқұм жігіт «өзім де соны ойлап отырмын» деп жауап берген. Ботакөз Ысқақова Нұрсұлтанның өліміне сол ақша себеп болды ма деп ойлайды.

«Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын. Бастығының аты — Нұржан Нұрқабаев. Жұмысына адал, жамандыққа бармайтын, өз өмірін қия салатын бала емес еді», — дейді ұлын жоқтаған Ботакөз Ысқақова.

Анасы ұлының өз-өзін өлтірді дегенге сенбейді. Еске салайық, өткен жұмада Аягөз гарнизонында офицер кенеттен көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, ол суицид жасаған. Қорғаныс министрлігі марқұмның қаржылық қызметте лауазым атқарғанын айтты.

Аягөз гарнизонында қаза тапқан Нұрсұлтан Алдамұратовтың анасы мәлімдеме жасады (youtube.com)

 

 

 

Оқылып жатыр

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.