Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Басынан атып, денесін каналға лақтырып кеткен»: Қызылордада дәрігердің мәйіті табылды

«Басынан атып, денесін каналға лақтырып кеткен»: Қызылордада дәрігердің мәйіті табылды

28 июля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылорда қаласының іргесінде 31 жастағы медицина қызметкерінің мәйіті табылды. Марқұмның жақындары атпалдай азаматқа бірнеше адам жабылып, басынан оқ атқанын айтты. Бұл туралы «Информбюро» агенттігі хабарлады.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қанды қылмысқа қатысы бар адамдар әлі бостандықта жүр. Оның үстіне жігіттің көз жұмғанына 3 күн өтсе де, тергеушілерден бірде-бір хабар жоқ дейді. Тергеу әділ жүріп жатқанына күмәнданған отбасы талаптарын айтып, полиция басқармасына барды.

Онкологиялық ауруханада жұмыс істеген Наурызбек Тұрсынов өткен дүйсенбіде түн ішінде телефонына қоңырау келген соң үйінен асығыс шығып кеткен, дейді марқұмның жақындары. Ол сол кеткеннен оралмапты. Содан кейін туыстары полицейлерге хабар беріп, өздері жаппай іздеуге кіріскен. Ақыр соңы асқан қатыгездікпен өлтірілген медицина қызметкерінің мәйітін қала шетіндегі арнаның жағасынан тапқан.

«Қазір келеді деп жаттым. Сағат 4 болды. Тұрсам, қасымда жоқ. Мына кісі әлі келмеген бе деп, машинасына қарадым. Машинасы ол жоқ. 4-5 адамды жалдаған. Басынан екі оқпен атқан. Асқан қатыгездікпен өлтіргенімен қоймай, қасындағы каналға лақтырып кеткен денесін», — дейді марқұмның жұбайы Ұлпан Нұрлыбаева.

 

Қайғыдан қан жұтқан отбасы Наурызбекті өзінің таныстары өлтіргеніне сенімді. Айтуларынша марқұм өзіне жақын адам санайтын жігітпен соңғы күндері ақшаға байланысты біраз түсінісе алмай жүрген. Сондықтан 31 жастағы азаматтың өліміне осы келіспеушілік себеп деп санайды.

«Бірнеше адам, жоқ дегенде 4-5 адамның қатысы бар. Сол адамдардың бәрінің табылып, қатаң жазамен сотталуын талап етеміз», — деді марқұмның әкесі Асылхан Дауылбеков.

Оның үстіне тергеудің әділ жүріп жатқанына да күмәнданады жәбірленушілер. Өйткені тергеушілер марқұмның жақындарына бірде-бір рет келіп жауап алмапты. Сондықтан наразылық білдірген отбасы полиция басқармасына өздері келіп талаптарын айтты.

«Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен іс тіркелді. Аса ауыр қылмыс. Екі адам осы іспен қамауға алынды. Қалған мәліметтер қылмыстық процестік кодекстің 2-бөлігіне сай жария етілмейді», — дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Табынбай.

Белгілі болғандай, іс «адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Ал марқұмның жақындары істің ақ-қарасы анықталып, кінәлілер қатаң жазаланғанын қалайды. Айта кетейік, Наурызбек Тұрсыновтың артында кәмелет жасына толмаған үш баласы мен жары қалды.

 

атып басынан денесін дәрігердің каналға кеткен лақтырып мәйіті табылды Қызылордада

Оқылып жатыр

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

«Африкада алмаз өндіреді»: Boxy Wealth-қа алданған мұғалімдер тек соңғы үш күнде 600 млн теңге аударған  

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін

Назым бар: Дана Нұржігіт Халық артисі атағы нағыз иесін таппағанын айтты

«Мұғалімдердің сорына келген министр»: журналистің сұрағынан соң Ғани Бейсембаев сынның астына қалды

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.