Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды
  • Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
  • Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт
  • «Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады
  • Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО-да «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске қосылады

13 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Әділетті Қазақстан -Адал азамат» атты жас мамандармен кездесу жиынында республикамызда алғаш рет өңірде іске қосылғалы тұрған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасымен таныстырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Облыс әкімі өз сөзінде ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған  «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген мақаласы аясында өңірімізде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мақалада қозғалған басты жобаларды жүзегеасыруда, әсіресе жастардың рөлі басым екенін айтқан өңір басшысы елімізде тұңғыш рет халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіруге бағытталған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске қосылатынын хабарлады.

«Президенттің тапсырмасы аясында өткен  жылы елімізде ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында БҚО-да халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіру бойынша пилоттық жобаны іске асыратын боламыз. Бұл туған жерге туымызды тігу үшін,  қара шаңырақтың түтінін қайта жаңғырту, ауылдарымызды иесіз қалдырмау және жаңғырту үшін басталып жатқан жоба.

Біз ауылға көшіп барамын деген азаматтарға өз тарапымыздан мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып барынша қолдау білдіреміз. Өткен жылы ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 2,5 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілді. Биылғы жылы бұл қаражаттың көлемін 5 млн. теңгеден 8 млн. теңгеге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерге 3 616 адам қоныс аударған», — деді Нариман Төреғалиев.

Қаладан ауылға қоныс аударған жастардың бірі Эльвира Аманова шара барысында мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Отау құрғалы 10 жыл  бойы жолдасымыз екеуіміз пәтер жалдап тұрдық. Ендігі кезекте отбасымызбен Бәйтерек ауданының Чиров ауылына қоныс аудардық. Осы пилоттық жоба аясында өз ісімізді бастамақ ниеттеміз. Осындай жоба әлеуметтік жағдайын түзей алмай жүрген талай жандарға туған жеріне, ауылына барып, тек қана жағдайын ғана түзеп қана қоймай, еліміздің өркендеуіне де өз үлесін қосар еді», — деді Эльвира Оралбекқызы.

Жиын барысында облыс әкімі жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатында «Отбасы банк» АҚ БҚО филиалы басшысымен арнайы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум нәтижесінде «Отбасы банк»-пен бірлесе 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несие берілмек. Осы орайда, БҚО-да тұрғын үй алуға 600 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, жас отбасыларды баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, іс-шарада еліміздегі Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы туралы да айтылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іліккен 4  маман басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп жүр. Ал, биылғы іріктеленіп алынған жастардың екеуі Батыс Қазақстан облысының тумалары. Оларды қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар атқарылып жатыр.

Todayinfo.kz 

Оқылып жатыр

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

Соңғы жазбалар

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

21 Қазан, 2025

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарды қалай сақтау керек: Алматыда дін өкілдері бас қосты

21 Қазан, 2025

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.