Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Батыс Қазақстанда қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды

Батыс Қазақстанда қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды

2 Мамыр, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Орал қаласындағы жылу электр орталығында— қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Осы турбинаның 100 пайыз тозығы жетіп, 10 жылбойы жұмысы тоқтап тұрған болатын. Нәтижесіндеескі турбинаның орнына 3,2 миллиард теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді.

Жаңа турбинаның іске қосылуы өз кезегінде энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жылу электр орталығындағы өндіріс 46 МВт-ты құрайды. Жаңа турбинаның арқасындаөндірілетін электр энергиясының қуаты 12 МВт-қа артады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі екенін атап өткен болатын. Облысымызда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артуда. Соңғы 10 жыл ішінде электр қуатын тұтыну көлемі 30 %-ға өсті. Бұл өз кезегінде энергия қуаттылығын арттыруды қажет етеді. Бүгінгі іске қосқан жаңа турбина тұрғындарымызға берілетін электр энергиясының мөлшерін арттыруға ықпал етеді»»,— деді Нариман Төреғалиұлы.

Айта кету керек, соңғы екі жылдың өзінде жылу-энергетика саласын жаңғырту мақсатында бюджеттен 15,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бағытталған. Соның нәтижесінде бірқатар маңызды жобалар іске қосылды. Атап айтқанда: насостық стансадағы тарату құрылғысы, градирня, жаңа қазандық, №2 және №5 жылу магистралін қайта жаңғырту, сондай-ақ Зашаған кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысы.

Сонымен қатар, Жапонияның әйгілі «Hitachi» турбинасына жөндеу жұмыстары басталды. Бұл –екіжақты келіссөздердің оң нәтижесі.

2035 жылға дейінгі аралықты қамтитын, 32 жобадан тұратын жол картасы бекітілген болатын. Онда: қысқа мерзімді — жалпы құны 33,9 млрд теңгеге 6 жоба; орта мерзімді — 117,7 млрд теңгеге 12 жоба; ұзақ мерзімді — 135,1 млрд теңгеге 13 жоба қарастырылған.

Қазіргі таңда қысқа мерзімде іске асырылуы тиіс жобалар дайын. Олар: Орал қаласы мен Зашаған кентіндегі №1 және №2 қазандықтардың жылу желілерін жаңарту, 6 және 7-жылу магистралдерін қайта құру, Құрылысшы және Солтүстік-Шығыс шағынаудандарындағы ішкі жылу желілерін ауыстыру жобалары. Сондай-ақ жылу электр орталығындағы №3 турбоагрегат, үш жылу магистралі мен үш энергетикалық қазандықты жаңарту жобалары да әзірленуде.

Оқылып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.