2025 жылдың 17 сәуір күні Орал қаласындағы “Оқушылар үйінде” облыстық “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.
Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, “Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?” деген қарар аясында пікір алмасты.
Пікірсайыс нәтижесі бойынша:
•Бас жүлдені “Ақиқат” фракциясы жеңіп алды;
•“Үздік мақала” номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос;
•“Үздік видеоролик” номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.