2025 жылғы 21 сәуір күні шамамен сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облысындағы «Переметное — Белес» автожолында ауыр жол апаты орын алды,деп хабарлайды Todayinfo.
Алдын ала мәлімет бойынша, Jac N56 маркалы жүк көлігі мен «ВАЗ-2110» жеңіл көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Көлікте болған екі кәмелетке толмаған бала – 2008 және 2010 жылы туған жасөспірімдер – аман қалғаны немесе зардап шеккені туралы мәлімет нақтылануда.
Апатқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Сонымен қатар, ведомство ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуға шақырды.
«Барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Жолдағы жауапкершілік – әрбір жүргізушінің борышы», – делінген ресми мәлімдемеде.