Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

14 Қараша, 2025

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

14 Қараша, 2025

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

14 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді
  • Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды
  • Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?
  • Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды
  • «Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады
  • «Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды
  • Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)
  • Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 14 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: видео скриншот

Есболовтар отбасындағы 5 бала қазір пәтер жалдап тұрады. Ал анасы Жұлдыз Тлеуф өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексеріліп жүр. Отбасының тұңғышы Құралай Есболатова осы жағдайға жеткізгендердің жауапқа тартылуын сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Есболовтар отбасы Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұрған. Кейін ерлі-зайыпты ажырасып, анасы мен балалары Ақтөбе қаласына қоныс аударады. Үйдің тұңғышы Құралай әлеуметтік желідегі парақшасында нағашыларының арасындағы даудан соң анасының мәжбүрлі түрде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталыққа жатып шыққанын айтып, көмек сұрады. Оның мәліметіне сүйенсек, бауырлар арасындағы мүлікке талас соңында анасы есепке алынған.

— Отбасындағы бесеуіміз де жақсы оқимыз. Балалар балабақшадан, мектептен қалған емес. Өзім төртінші курс студентімін. Анама балабақша, мектеп, колледжден жақсы мінездеме беріліп отыр. Бірақ апам «балалар қараусыз қалған, сабаққа бармайды, туған анасын ұрды, көшеде жүреді, есі дұрыс емес» деп айтып, мінездеме берді. Дәрігерге дәл осылай жазған. Анамды орталыққа жатқызған соң телефоны нағашы апамда қалған. Олар үйді сатты. Сонымен бірге анамның телефоны арқылы сыныптастарынан, біздің сыныптағы ата-аналардан ақша жинап алған. Менің банк шотымды да пайдаланды. Жиналған сома қомақты екен. Мұның бәрін естіген соң мен жан-жақтан көмек сұрадым. Анама шизофрения диагнозын қойды. Енді біз үй-күйсіз жүрміз. Бұл бәріміздің жолымызды жапты. Сотқа арыз да түсірдік. Анам болса Алматы қаласында бақылауда жатыр. Олар диагноздың рас немесе өтірік екенін анықтайды, — деді видеода Құралай Есболатова.

Ақтөбе облысындағы балаларды қорғау, қолдау орталықтарының бәрі бұл оқиға туралы біледі. Расымен де 5 бала алдымен «Аяла» орталығында жатты.

— Бұл отбасы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына биыл 15 сәуір күні келді. Анасы ол кезде ауруханаға жатып қалған екен. Анасы ауруханадан шығып, 21 мамыр күні Дағдарыс орталығына жіберілді. Себебі анасы балаларымен бірге барар жері жоқ екенін айтқан. 102-ге хабарласып, полиция шақырып, сонда апарды. Әлеуметтік желіге жарияланған алғашқы видео сол сәуірде түсірілген, — деді «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Гүлбарша Жиенқұлова.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасының кішкентайы қазір 4 жаста, үлкені болса колледжде білім алады.

Ал Дағдарыс орталығының басшысы Раиса Байлиеваның айтуынша, мамыр айында орталыққа қоныстанған отбасы 5 ай мемлекет қамқорлығында болды. Кейін анасы мен үйдің үлкен қызы қолхат жазып, отбасы орталықтан шығып кетті. Ақтөбе облыстық білім басқармасы болса балалардың бәрі де мектепке барып, сабақ оқып жүргенін хабарлады. Кішкентайы балабақшада.

— Балалардың ата-аналары 2021 жылы заңды түрде ажырасқан. Әкелері балаларының тәрбиесіне және тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мәселелеріне араласпайды. Аналарының  ата-аналық құқығы шектелмеген. Балалар анасының ем қабылдау кезеңінде уақытша мемлекет қамқорлығына алынып, кейіннен өзіне табысталды. Құзырлы органдардың мәліметіне сәйкес, анасының атына тұрғын үй тіркелмеген. Мәселе Ақтөбе облысының білім және балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының тұрақты бақылауында, — деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, балалардың анасы Жұлдыз Тлеуф қазір Алматыда. Ол емдеу орнында тексеруден өтіп жатыр. Ал балалар үйдің тұңғышы Құралай Есболатованың жанында. Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, алматылық дәрігерлердің шешімінен кейін ғана қамқоршылық сұрағы шешіледі.

Ал Балалардың құқығын қорғау комитетінің Ақтөбе облысындағы уәкілі бұл жағдай бақылауда болғанымен, істің ақ-қарасы ашылмай толық ақпарат бермейтінін айтты. Отбасымен кездесіп, мән-жайды анықтамақ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақмарал Басирова (@akma_basirova)

Оқылып жатыр

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам мерт болды

Соңғы жазбалар

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

14 Қараша, 2025

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

14 Қараша, 2025

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

14 Қараша, 2025

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

14 Қараша, 2025

«Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

14 Қараша, 2025

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

14 Қараша, 2025

Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)

14 Қараша, 2025

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

14 Қараша, 2025

Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі

14 Қараша, 2025

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

13 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.