Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бейбіт нокауттан екі минут тұра алмай жатты»: Маңғыстаулық боксшы рингте Шүменовты жеңген соң пышақталғанын айтты

«Бейбіт нокауттан екі минут тұра алмай жатты»: Маңғыстаулық боксшы рингте Шүменовты жеңген соң пышақталғанын айтты

6 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізге белгілі маңғыстаулық боксшы Ердос Жаңабергенов әлем чемпионаты алдында пышақталған сәтін еске алды, деп хабарлайды Todayinfo.

Әуесқой бокстан жоғары нәтижелерге қол жеткізген боксшы Жаңабергенов бір кездері Бейбіт Шүменовты нокаутқа жіберген. Кезінде әлем чемпионы атанған спортшы журналист Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында оқиғаның Үрімшідегі оқу-жаттығу жиындарында болғанын еске алды. Бұл жайт әлем чемпионатына 12 күн қалғанда орын алған.

«Бәріміз әлем чемпионаты алдында Үрімшіге оқу-жаттығу жиындарына аттандық. Таңертең спарринг жасаймыз. Бейбіт Шүменов мені сол жерде қалай да жеңіп, әлем чемпионатына барамын деген мақсатпен келді. Ол жерде бәрі тапсырмамен жаттығады, бірақ біз «тапсырмаға қарамаймыз, біз осы жерде тағдырымызды шешеміз» деп келісіп, қол алыстық. «Бокс» деген белгіні естіген бойда екеуміз жұдырықтаса кеттік. Арада 15-20 секунд өткені сол еді, ыңғайыма келіп тұр екен, жақсылап соққы жасап едім, Бейбіт сол жерде құлады. Екі минуттай тұра алмай жатты. Жаттығудың алғашқы күні болғандықтан, дәрігеріміз бәріне дәрі-дәрмек үлестіріп жатып, көрмей қалды. Жергілікті дәрігер тексеріп, Бейбітті жедел жәрдеммен алып кетті», — деді боксшы.

Өзара бәсекелестер әлем чемпионатынына кімнің баратынын сол жерде шешіп алған. Алайда Елдос Жаңабергенов, арада бірнеше сағат өткенде өліп қала жаздайды. Ол бастапқыда өзінің пышақталғанын түсінбей де қалған. Оларды аңдыған бөгде адам боксшыны мүгедек қылып тастамақ болған.

«Нөмірде жата бермейін деп кешкілік серуенге шықтым. Қасымда Жеңіс деген досым бар. Бір сәтте кішкентай бойлы бір жігіт жамбасымнан бір соқты. Сүйегіме дейін сыздап кетті. Мен не болғанын түсіне алар емеспін. Досыма «мына баланың соққысы мықты екен, боксшы болатын жігіт» деп қоямын. Ол мені ұрып кетті деп ойладым. Ауырған жерімді уқалап тұрсам, бір кезде жылуды сезіндім. Сол кезде түсіндім пышақтап кеткенін. «Жеңіс, мені пышақтады» дедім. Жүре алмай қалдым, бірақ қонақүйге сүйретіліп жеттік. Кім, не үшін істегенін білмейміз», — деді ол.

Боксшының сөзіне қарағанда, дәрігердің біліктілігінің арқасында жара тезірек емделген. Соның арқасында жылдам қалыпқа келіп, көп ұзамай әлем чемпионатында үздік шықққан.

«Жеңістің мені арқалап келе жатқанын көрген бапкерлер шулап қоя берді. Қан деген жайылып барады. Құйрықтың дәл ортасынан соққан. Жергілікті дәрігер мықты екен, шұғыл көмектесіп, екі сағат сайын жарадағы таңғышты ауыстырып отырды. Жата бермей жаттығуға барайын деп сұрандым, «байқа, сүйектен айырылып қалып жүрме, көп күш түсірмей жаттығу жаса» деп рұқсатын берді. Жаттығу барысында да таңғышты үнемі ауыстырып отырды. Қытайдың медицинасы сол кезде дамып кеткен екен ғой», — дейді боксшы.

Қастандық жасағандардың кім екенін анықталған. Алайда боксшының өзі қаскөйдің атын атамауды жөн көрді.

«Кім екенін білдік, қандастар да айтып берді. Сөйтсек, негізі пышақты бүйректен тығып алу туралы тапсырма берілген екен. Оның бойы қысқа болып, мені Құдай сақтап қалды. Бірақ соңына түспедік. Бәріміздің ойымыз әлем чемпионатына қатысып, топ жару еді. Сол мақсатты көздеп жүріп, полицияға да арызданған жоқпыз», — деп еске алды ол өткенді.

Ал рингте жеңіліп, нокаут алған Бейбіт Шүменов сол қалпы әлем чемпионатына бара алмаған. Кейін ол әуесқой боксты тастап, кәсіпқой боксқа ауысып кеткен.

Еске салайық, Бейбіт Шүменов ұзақ жылдан бері АҚШ-та тұрады. Былтыр Астанада кішкентай баласы бар қарапайым тұрғынды соққыға жыққан боксшының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда Шүменов жауапкершіліктен қашып, елін тастап кетті. Экс-чемпион шетелдік қызбен бас қосқан.

Фото:olympic.kz

Оқылып жатыр

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.