Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін
  • Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
  • Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады
  • «Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)
  • Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
  • Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды
  • «Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды
  • Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 3 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысуы шеңберінде ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының басшылығымен және Қытайдың ірі энергетикалық корпорацияларының жетекшілерімен бірқатар стратегиялық келіссөздер жүргізді.
Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды жобалар бойынша келісімдер жасалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Басқосу екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Ерлан Ақкенженов China Energy Engineering Group, China Huadian, CNPC, SANY, China Power (SPIC) және CMEC сынды алпауыт компаниялармен нақты жоспарларды талқылады.
Энергетикалық диалог аясында саладағы барлық бағыт қамтылды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздері мен газ-химия кешендерінен бастап мұнай өңдеу қуатын жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу.
Кездесулер нәтижесінде тараптар Түркістан облысында қуаттылығы 300 МВт күн электр стансасын салуға уағдаласты. Сондай-ақ Ақтауда 2027 жылдың маусымына дейін қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын іске қосу кестесін бекітті. CNPC компаниясымен Ақтөбеде карбамид өндіретін кешен салу бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. «Жасыл» энергетика саласында SANY компаниясы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған құрамдас бөлшектер шығаратын зауыттың құрылысын аяқтады. Сонымен қатар Жетісу өңірінде қуатты жел электр станциясын салуға дайын екендіктерін білдірді.

«Бейжіңде өткен келіссөздер екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруға негіз болды. Қытай тарапы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жобаларға инвестиция салуға дайын екендіктерін көрсетті. Қазіргі заманғы бу-газ қондырғылары, қуатты жел және күн электр станциялары сияқты бағыттар бойынша келісімдерге қол жеткіздік. Барлық келісімдердің негізгі мақсаты – озық технологияларды елімізге трансферттеу және ел аумағында жоғары технологиялық өндірістерді жолға қою. Осылайша, Қазақстан тұтынушыдан заманауи энергетикалық шешімдердің өндірушісі ретінде дамиды, – деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, келіссөздер Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін айғақтайды. Жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасына миллиардтаған инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады, сондай-ақ төмен көміртекті даму жолына көшу үдерісі жеделдейді.

Оқылып жатыр

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

«Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды

Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

Қазақстандағы кейбір көп балалы отбасыларға мемлекет көмек көрсетуді тоқтатады

Қазақстанда кейбір тауарларға қосарлы баға белгіленуі мүмкін

Соңғы жазбалар

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды

2 Қыркүйек, 2025

Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды

2 Қыркүйек, 2025

«Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды

2 Қыркүйек, 2025

Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

2 Қыркүйек, 2025

Қазақстандағы кейбір көп балалы отбасыларға мемлекет көмек көрсетуді тоқтатады

2 Қыркүйек, 2025

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

2 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.