Бұрынғы Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан ұзату тойда өнер көрсетіп, халық құрметінің ерекше үлгісіне ие болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ол Түркиядан арнайы шақыртумен келіп, Мұхамеджан Тазабектің қызының қуанышына қатысқан.
Ол тойда дәстүрлі ән шырқап, елдің ықыласына бөленіп, нәтижесінде 15 жылқы, 1 түйе және 1 көліктің иесі атанды.
Бекболат Тілеуханның елге сапары әлеуметтік желілерде де назардан тыс қалмады. Көпшілік оны сахнада, тойда көргеніне қуанып, жұртшылықтың оған деген құрметі әлі де зор екенін атап өтті.
«Халық Бекболатты сағынғаны рас сияқты…» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram