Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады
  • Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады
  • «Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды
  • «Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады
  • Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі
  • Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!
  • «Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті
  • Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 18 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағановтың дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, Мұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде және өңірлік БАҚ-та ұзақ жыл еңбек етті.

«Мәңгі жас ғұмыр», «Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім», «Алтын тау – Алтай» жыр жинақтарының авторы, 60-тан астам әннің сөзін жазған. Ол «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атанып, туған өлкесінің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты.

Ол ана тілі мен ұлттық рухтың жанашыры болды.

«Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық ұйымын басқарып, сөздің киесін, тілдің қадірін ұлықтады. Кейін облыстық теле-радиокомпанияда, Семейдегі «Ертіс өңірі» газетінде және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етіп, мәдениет пен өнердің дамуына елеулі еңбек сіңірді.

Мұрат Мырқанұлының қаламынан туған мақалалары, ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай.

Оқылып жатыр

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

«Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды

Соңғы жазбалар

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025

«Байы тағы еңіреп жатқан болар»: Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім әкеледі

17 Қазан, 2025

Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!

17 Қазан, 2025

«Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті

17 Қазан, 2025

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

17 Қазан, 2025

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.