Жаңқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 28 жастағы қызды зорлаған деген күдікке ілінді. Арыз 19-тамызға қараған түні, сағат 23:00 кезінде түскен. Кезекші полиция оқиға орнына барған. Зорлау оқиғасы Әуезов ауданындағы 5 шағын аудан, 39 үйдегі 72-пәтерде орын алған. Боксшы 1996 жылы туған Құрманәлі Әнару Қалдыбекқызын зорлаған.
– Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, – деген жауап келді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат әуелі әлеуметтік желіге тараған еді.